Бүгін Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Арман Оразалиев Т.Рысқұлов ауданына барып, тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Қабылдауға келгендер, негізінен мал ұрлығы, жол қауіпсіздігі және ауылға бейнекамералар орнатуға қатысты түйткілдi мәселелерді ортаға салды.

Сонымен қатар, ПД бастығының қабылдауына Құлан ауылының 72 жастағы тұрғыны жұмыссыз жатқан екі мүгедек ұлын ем қабылдау орындарына орналастырып беру өтінішімен келді. А.Оразалиев зейнеткер ананың екі ұлына шипажайға өз қаражатынан жолдама алып беретінін және барып-қайтуларын көлікпен қамтамасыз ететінін айтты.

Одан бөлек, ауданның үш тұрғынының учаскелік полицейлерге оқиға орнына және шалғай аймақтарға кедергісіз шұғыл жетулері үшін автокөлік бөлу туралы сұрақтарына келесі шілде айында аудандағы 15 ауылдық округтің учаскелік пунктеріне 15 қызметтік автокөлік беретінін жеткізді ПД бастығы.

Қабылдауына келгендердің барлығын мұқият тыңдаған Арман Молдиярұлы кейбір сұрақтардың шешімін сол жерде тапса, 8 азаматтың өтініші бойынша аудандық полиция бөлімінің бастығына нақты тапсырмалар берді.

Жамбыл облысы Полиция департаменті

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?