Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаетың 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялауына байланысты, оған қоса 26 маусым «Халықаралық есірткі бизнесіне және нашақорлыққа қарсы күрес күніне» орай, ТО ПД ЕҚҚІҚБ-ның ұйымдастыруымен жасөспірімдер арасында үлкен іс-шара өткізілді. Облыс әкімдігінің қолдауы, басқа да ведомства өкілдерінің атсалысуымен Түлкібас ауданы Машат елді-мекенінде орналасқан «Самал» балаларды жазғы сауықтыру лагерінде «Есірткісіз болашақ!» ұранымен ауқымды іс-шара өткізілді. Спорттық-танымдық акцияға Төлеби, Арыс және Сайрам ауданының балалар үйінің тәрбиеленушілері мен демалушылар, жалпы 300-ден астам жасөспірімдер қатысты. Акцияның ашылуына ТО ПД ЕҚҚІҚБ-ның бастығы полиция полковнигі А.Амирбеков қатысып, «Болашақ ұрпағымыз дені сау, білімді болуы жолында осындай іс-шаралар ұйымдастыру өте орынды деп білемін. Әсіресе, жаман әдеттерден жирендіріп, жақсылыққа үйрету – басты парызымыз. Салауатты өмір салтын ұстанып, спортты серік етсеңдер, жаман әдеттерге әуестенбей, өмір сүрсеңдер ғана мәнді де сәнді болашақ күтіп тұр», — деп ақыл-кеңесі мен қатар ақ тілегін жеткізді. Акция барысында қатысушылар арасында түрлі танымдық конкурстар мен спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Жарыс бойы өздерінің белсенділігін танытқан балалар үйінің тәрбиеленушілеріне 100 жазғы бас киім, 100 футболка, 100 сөмке, 12 доп, 5 фотоаппарат табысталып, жеңімпаздарына ТО ПД басшысы полигия генерал-майоры Қ.Дәлбековтің атынан «Алғыс хаттар» табысталды. Іс-шара соңы Түркістан облысының өнерпаздарының қойған концерттік бағдарламасына ұласты. Еліміздің болашақ тұтқасы саналатын жасөспірімдер есірткіден бойларын аулақ ұстап, өз өмірлерін зиянды әдеттерден қорғап, бағалап, болашақтарына балта шаппау аясында ұйымдастырылған шара Түркістан облысы полицейлері тарапынан үнемі өткізіліп тұрмақ.

«Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі Түркістан облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?