Шу ауданы әкімі

Бағдарламаның ІІІ бағыты – «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» аясында 646 адамды жұмыспен қамту жоспарланып, оған 160,7млн. теңге бөлінді.
Білім саласы.
Аудандағы жалпы 47 білім беру ұйымдарының (38 орта, 7бастауыш, 2 негізгі мектеп) 1068 сынып комплектісінде 2018-2019 жаңа оқу жылында 19593 балаға 2230 ұстаз білім беруде. Сонымен қатар, мектепалды дайындық бойынша 101 сынып комплектісінде 1758 бала білім алады. 
Бүгінгі күнге 53 мектепке дейінгі ұйымда (34 балабақша (23 мемлекеттік, 11 мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде), 19 шағын орталықта) 4338 бала (балабақшаларда -3665, шағын орталықтарда – 673 бала) тәрбиеленуде. 
1-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі оқу мен тәрбиемен қамту 91,8% құрайды /облыстық көрсеткіш 68%,/ мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған 1-6 жас аралығындағы бала саны 6096.
3-6 жас аралығындағы мектепке дейінгі бала саны 4935, оның ішінде мектепке дейінгі оқу мен тәрбиемен қамтылған 3-6 жас аралығындағы бала саны 4910. 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі оқу мен тәрбиемен қамту 99,5% облыстық көрсеткіш 90,2% құрайды.
Кезекте тұрған бала саны 25 оның ішінде 3-6 жас аралығындағы бала саны 25.
Денсаулық сақтау саласы.
1000 адамға шаққанда туу көрсеткіш коэффициенті 21,2 құрады. (2017 ж.12 ай – 20,1). 1000 адамға шаққанда өлім көрсеткіш коэффиценті 5,5 құрады (2017 ж. 12 ай–6,2 немесе денсаулық сақтау мекемелерінде орын алған өлімдер саны бойынша 557 факті тіркелген, (2017 ж. 12 ай– 620) .
Есепті кезеңде ана өлімі тіркелмеген, 1 жасқа дейінгі балалар өлімінің көрсеткіш коэффиценті 4,6 (2017 ж.–6,0). 2018 жылдың есепті кезеңінде 2154 нәресте дүниеге келді, салыстырмалы түрде, 2017 жылы 2015 нәресте туылған, оның ішінде қайтыс болғандар саны 12 бала. 2018 жылы 10 бала өлімі тіркелді.
100 мың адамға шаққанда туберкулезбен ауырғандар көрсеткішінің коэффиценті 70 құрады, ал 2017 жылы бұл көрсеткіш 97,6 болған. 2018 ж.12 ай -71 адам науқастанған, 2017 ж. 12 ай — 97). Сонымен қатар, наркологиялық тәуелділікке душар болғандар көрсеткіш коэффициенті 53,4 құрап (2017 ж.– 12 ай 55,9).

Сардар Әбдіжақия 
«Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі 
Жамбыл облысы 
Шу ауданы әкімдігі.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?