Жамбыл облысы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұялы телефондардың сәйкестендіру кодтарын (IMEI-код) заңсыз өзгертті деген күдікпен екі адамнан тұратын қылмыстық топты анықтады. Атап айтқанда, Тараздың 37 және 25 жастағы екі тұрғыны ұрланған смартфондардың IMEI-кодтарын өзгерту дерегі бойынша күдікті деп танылуда.

Санкцияланған тінту жүргізу барысында күдіктілердің пәтерінен дербес компьютер, ipad және 60 дана ұялы телефон табылып, тәркіленді. Олардың барлығы ұрланған телефондардың базасы бойынша тексерілуде.

Сонымен қатар, аталған азаматтарға ұялы құрылғыларды жеткізіп, сатып алған, кейіннен нарыққа өткізген деген күдікпен 33 жастағы облыс орталығының тұрғыны қолға түсті.

Қазіргі уақытта компьютерлік технологияларды зерттеу бойынша сот-техникалық сараптама тағайындалды. Қылмыстық кодекстің 213-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде- деп хабарлайды «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі, Жамбыл облысы полиция департаментіне сілтемес жасап

Жамбыл облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?