2019 жылдың 24 күні Түркістан облысы Арыс қаласында жойқын жарылыс орын алып, қала тұрғындарын есеңгіретіп кеткені белгілі. Дәл сол күні табан астынан қиындыққа тап болған қарапайым халық жан-жаққа бас сауғалап қашып, кез-келген адамның көмегін қуана қабылдады. Ал, бүгінгі таңда, Арыс қаласының тұрғындары біртіндеп етек жеңдерін жинап, облыстардан бей-жай қарамайтын жанашыр адамдардың көмектерін қабылдап, тіршіліктері күн санап реттеліп келеді.

Сондықтан бізде өз кезегімізде, алғыс айтқан алтын адамдар туралы кішігірім сөз қозғауды жөн көріп отырмыз.

«Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын» демекші, күні кеше Арыстық азаматтар қиын сәтте қол ұшын созып, көмек берген полицейлерге шынайы алғыстарын айтты. Олар өздеріне жәрдем берген сақшыларды алыстан танып, көліктерін тоқтатып алып, ризашылықтарын білдірді.

— Есіміз шығып, тура төбемізге жай түскендей қырға қарай қаша беріппіз. Қолымызға ештеңе алмағанбыз. Біраз жер жаяу жүріп, шөл қысқанда барып, жан жағымызға қарадық. Күн ыстық, жанымызда балалар. Дәл осы сәттерде қызметтік көліктерімен зуылдап екі полицей келді. Автокөліктеріне сыйғанша адамдарды мінгізіп, су таратып қолдарынан келген көмектің барлығын жасады. Қарбалас сәтте есімдерін де сұрамаппыз. Тек көліктерінің нөмірін білеміз, көмек берген адамды өмірбойы ұмытпайсың ғой, дейді ағынан жарылып.

— Біз өз міндетімізді атқардық, адамдар жапа шегіп жатқанда қауіпсіздігімізді мүлде ойламадық, себебі бұл біздің міндетіміз және біздің орнымызда болған кез-келген азамат осылай жасар еді дейді, алғыс арқалаған сақшылар қарапайымдылықтарын танытып.

Осылайша, адамдардың көпшілігінің санасында «жазалаушы» секілді қалыптасқан ойды жоққа шығарған полицейлер, кез-келген көмекке зәру кісіге «көмекші» екендіктерін көрсетті.

Азаматтардың ыстық ықыластарына бөленген сақшылар еліміздің бейбіт болуын, алапат апаттардан сақ болуын тілейтіндіктерін жеткізді. Біз де өз кезегімізде ел іргесі берік болып, аспанымызда көк туымыз қалықтай берсін дейміз.

«Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция депаратаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?