Halyk Bank және «Halyk» қайырымдылық қоры Арыс қаласының қираған әлеуметтік нысандарын қалпына келтіруге клиенттер және бизнес-серіктестермен бірге жинаған 1,1 миллиард теңгені аударады.

Естеріңізге сала кетейік, банк қайырымдылыққа бағытталған ақша қаржатын жинауға арналған арнайы онлайн шотты Арыс қаласында төтенше жағдай орын алған күні ашты. Қайырымдылық шотқа 10 күн ішінде 50 миллион теңге жинақтады. Банк өз қаражаты есебінен атаулы соманы 100 млн теңгеге дейін екі еселеу туралы шешім қабылдады.

Сондай-ақ «Halyk» қайырымдылық қоры қосымша Халық тобының бизнес-серіктестерінен көмек ретінде тағы 1 млрд теңгені жинақтады.

Сонымен қатар, Халық банкінің қызметкерлері орын алған ТЖ-ға бейжай қарамай алғашқы күндерден бастап қала тұрғындарына гуманитарлық көмек — гигиена заттары мен қажетті тауарларды жеткізіп берді.

Арыс қаласын бірге қалпына келтіреміз- деп хабарлады Halyk Bank

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?