Қадірлі достар! Сіздермен жақсы жаңалықтармен бөліскім келеді!
Қазақстандық әнші — Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының эстрада-өнер факультетінің 4 курс студенті Әділхан Макин Витебск қаласында «Славян базары-2019» xалықаралық фестивалінің жеңімпазы атанды!
Бас Жүлде — бұл үлкен жеңіс. Төрт жыл бұрын осы жарыс сахнасында Димаш Құдайбергеннің жұлдызы жанған еді. Ол кезде де Министрліктің қолдауымен аттанып, бас жүлдемен оралған болатын.

Ары қарай бағы қалай жанғанына өздеріңіз де куәсіздер, достар. Витебскте біздің министрліктің қолдауымен келген шығармашылық делегацияға бүгінгі күннің белсенді жұмысы үшін алғысымды білдіремін. Барлығыңызды осындай айтулы жеңіспен құттықтаймын, әріптестер!

Әділxан Макин өз кезегінде тыңдармандарға тамаша қазақ ойшылы Абайдың 175 жылдығына орай бірегей флешмобты жалғастырды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған ұлы ақынның өлеңдерін оқыған флеш-моб Витебскте Әділxан Макин жалғастырды: Абайдың «Көзімнің қарасы» атты әнін орындап, тыңдармандардың ду қол шапалағына бөленді!

Беларусия, Ресей, Германия, Швейцария, Болгария, Мальта, Израиль, Қытай, Латвия, Украина, Польша, Литва, Грузия, Армения және Молдова… Біздің жігіт ең үздігі атанды! Бұл үлкен жетістікпен баршаңызды құттықтаймын! Бұл жеңіс — Әділхан Макиннің өнер жолында алғашқы қадамы — оның алдағы табыстары мен жеңістеріне апаратын қадам екеніне сенімдімін. Біз қолымыздан келгеннің барлығына көмектесеміз.
Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?