Мәдениет және спорт министрлігінің бұйрығымен Құрманғазы атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық xалық аспаптар оркестрінің жаңа директоры болып Қуанышбек Мұхангалиев тағайындалды.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Әбіл Жоламанов ұжымға таныстырды- деп хабарлады Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі
Қуанышбек Мұхангалиев – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы мен Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің түлегі. Түрлі жылдары Ғ.Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясы Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің артисі, Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің жетекші артисі, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің инспекторы, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері комитеті Театр өнері және кинематография басқармасының бас сарапшысы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері департаменті Музыкалық өнері басқармасының бас сарапшысы мен басқарма басшысының міндетін атқарған.
2017 жылғы шілде айынан осы уақытқа дейін Орал қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы қызметін атқарды.
Республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты, Қазақстан Республикасы «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері.

«Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі

Нұр- Сұлтан қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?