Бүгін Шымкент-Жібек жолы автожолында шамамен сағат 13:15 минут өткенде жол-көлік оқиғасы орын алды. «Мерседес» шағын автобусы алдында келе жатқан «Камаз» ауыр жүк көлігіне барып соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан оқиға орнында шағынавтобустың 5 жолаушысы қаза тапты. «Мерседес» шағынавтобусының жүргізушісі және оның 6 жолаушысы емханаға түрлі дене жарақаттарымен жеткізілді. Аталмыш жайт Қазығұрт АПБ-не ҚР Қылмыстық кодекстің 345-бабы «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша тіркеуге алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер болған оқиғаның толық мән-жайын анықтау үстінде. Темір тұлпар тізгіндеген уақытта жол ережелерін сақтап, аман есен жүрейік- деп жазады Түркістан облысының полиция департаменті баспасөз қызметіТүркістан облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?