Слеттің ашылуында ҚР ІІМ ТЖК төрағасы В.Беккер балаларды құттықтап, слеттің мақсаты – төтенше жағдайларда құтқару дағдыларын оқытуда жұмыстың жаңа қызықты түрлерін іздеу, мемлекеттер арасында ынтымақтастық орнату, жастарға патриоттық және адамгершілік тәрбие беру екенін атап өтті.

Сонымен қатар слет қатысушыларын Ақмола облысы әкімінің орынбасары А.Мысырәлімова және Ресей құтқарушылар одағы Жоғарғы Кеңесі төрағасының орынбасары Н.Ершова қарсы алды.

Іс-шара бағдарламасы мынадай конкурстар мен тақырыптық іс-шаралардың түрлерін көздейді:
«Сапар карточкасы»;
«Өрт эстафетасы»;
«Newspaper-Billboard»;
«Алғашқы көмек көрсету»;
«Техногендік апат аймағындағы авариялық-құтқару жұмыстары»;
«Табиғи орта жағдайындағы іздеу-құтқару жұмыстары»;
«Су айдындарындағы құтқару жұмыстары».

Слет үш күнге жалғасады- деп жазады ҚР ІІм-гінің баспасөз қызметі

Нұр- Сұлтан қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?