Бірінші жартыжылдықта жалпы өңірлік өнімнің көрсеткіштері 4,8% — ға, инвестиция 39,6% — ға өсіп, шағын бизнес субъектілерінің саны 138 мыңға жетті. Облыс бойынша «қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында көптеген жобалар жүзеге асырылуда. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша облысты дамыту бойынша әрбір тапсырманы орындаудың қадамдық жол картасы әзірленеді. Міндеттер арасында халықтың әл-ауқатын арттыру, медицинаны дамыту, жан-жақты қолдау көрсету және бизнес үшін жағдай жасау және т. б. бар.
Сондай-ақ Түркістан және Арыс қалаларында құрылыс қарқыны үдей түскен. Облыс орталығында 6 ай ішінде 2 537 пәтер беріліп, әкімшілік-іскерлік орталықта 7 нысан, мәдени-рухани орталықта 4 нысанды ел игілігіне тапсыру жоспарлануда. Ал, Арыс қаласында 1 100 тұрғын үй қалпына келтіріліп, 3 үй қайта салынды,тұрғындарға 100 мың теңгеден төлем жасау үшін құжаттар жинау және 4000 оқушы мен 2000-ға жуық қарт адамдарды демалумен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде.

Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?