Түркістан облысы Полиция департаментінің ғимаратында ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі Қаратаев Фахриддин Абдинабиұлы облыс сақшыларымен қызметтік кездесу өткізді. Кездесуге Түркістан облысы Полиция департаментінің басшысы, полиция генерал-майоры Дәлбеков Қайрат Сұлтанбайұлы, Полиция департаментінің барлық басқарма, бөлім басшылары мен жеке құрам қатысты. Кездесу барысында Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру, ҚР ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған жол картасын орындау, Полиция департаментіндегі атқарылған ауқымды жұмыстармен танысты.

Келелі кездесу кезінде тәртіп сақшыларының қауіпті қызметінде кездесетін түрлі жағдайлар, жұмыс уақытында болып жататын өзекті мәселелер бойынша кеңінен сөз қозғалды.

Сонымен қатар, Парламенті мәжілісінің депутаты ағымдағы жылдың 25 ақпанынан бастап халық игілігі үшін өз қызметін атқарып келе жатқан фронт-офисте болып, оның қалың жұртшылыққа көрсететін қызметтерімен, материалдық-техникалық қамтылу базасымен толық танысты. Сонан соң, Полиция департаменті ғимаратында орналасқан жедел жоспарлау басқармасының жұмысын көріп, қызметкерлердің қызметтік бөлмелерін аралады.

Кездесу соңында халық қалаулысы Қаратаев Фахриддин өзінің орамды ой-пікірлерімен бөлісіп қана қоймай, қоғамның мызғымас тыныштығы үшін тынбай қызмет етіп келе жатқан сақшылардың жұмысына сәттілік тіледі.

Түркістан облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?