Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы Наиль Ахметзакиров Департаменттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының және Соттар әкімшілерінің қатысуымен кеңес өткізді. Кеңесте 2019 жылғы бірінші жартыжылдықтағы ведомство жұмысының қорытындылары талқыланды. Кеңес өңірлермен бейнебайланыс арқылы өтті.
Департамент басшысы Н.Ахметзакиров кеңес жұмысын аша келе, сот жүйесінің өткен кезеңдегі өзгерістер бойынша қол жеткізілген нәтижелерге назар аударды. Спикер Президенттің сайлауалды тұғырнамасын іске асыру аясындағы басым міндеттерге де тоқталды.
«Құқық үстемдігі мен әділ сот төрелігі ел дамуының басымдықтары ретінде айқындалды. Біздің алдымызға азаматтардың өмір сүру деңгейі мен әл-ауқатын арттыруға бағытталған ауқымды міндеттер қойылып отыр», — деді Н.Ахметзакиров.
Кеңес барысында Департамент басшысы дамудың алдағы келешегіне тоқтала келе, оларды «Азаматтарға қолайлы жағдай жасау», «Соттардың инфрақұрылымдық дамуы», «Цифрландыру» секілді салаларға бөлді. 
Департамент басшысы соттарға келушілер үшін қолайлы жағдай жасау және сот қызметтерін жаңа форматта сапалы ұсыну бағытында ауқымды жұмыс атқарылып жатқанын атап өтті. Жергілікті соттарда «Сот төрелігінің жеті түйіні» бағдарламасын іске асыру аясында «Виртуалды сот», «Түнгі сот», «Татуласу: сотқа дейін, сотта», «Электронды кезек» сынды бірқатар пилоттық жобалар сынақтан ойдағыдай өтті. Соттарды одан әрі инфрақұрылымдық дамытудың, соның ішінде жаңа ғимараттар салудың маңыздылығы да атап өтілді.
Сотқа келушілер үшін маңызды жобалардың біріне жаппай ашылып жатқан фронт-офистер жатады. Бүгінгі күні 94 фронт-офис ашылды. Жыл соңына дейін әлі де 43-ін ашу жоспарланып отыр. Фронт-офистер 174 сотқа қызмет жасайтын 137 ғимаратта ашылады. Бұдан басқа, әлі де 129 соттың ғимаратында фронт-офистерді оңайлатылған форматта ашуға мүмкіндік бар.
Департамент басшысы ақпараттық технологиялардың дамуы мен қоғамның сұранысы жаңа, өте қолайлы әрі айқын шешімдердің қажеттігін талап етіп отырған қазіргі уақытта сот жүйесін одан әрі цифрландыру жұмысының жалғаса беретіндігіне назар аударды.
«Бүгінде соттарда бейнебайланыс жүйесі кеңінен қолданылады. Ол арқылы біз жыл сайын кемінде 17 мыңдай процесті өткіземіз. Сонымен қатар гаджет арқылы процеске қашықтықтан қатысуға мүмкіндік беретін мобильді бейнебайланысты қолдану үлесі де артып келеді. Ағымдағы жылдың басынан бері осындай форматта 6 мыңнан астам сот отырысы өтті. Азаматтардың арасында «Сот кабинеті» сервисі зор сұранысқа ие болуда. Есепті кезеңде осы сервис арқылы 525 мыңнан астам құжат келіп түсті. Электронды форматтағы арыздардың үлесі 77 % құрайды», — деді спикер. 
Сот процестеріне қатысушылармен кері байланыс орнату мақсатында «Digital Agent» жобасы іске қосылған. Бұл жоба сот кеңселеріндегі ыңғайлылықты, көрсетілетін сервисті, сот рәсімдері мен сот қызметкерлерінің жұмысын бағалауға, сондай-ақ шағымдар мен ұсыныстар қалдыруға мүмкіндік береді. «Қазіргі кезде «Digital Agent» бағалау жүйесіне бүкіл соттардың деректері енгізілген. Сервисті жақсарту үшін біз сыни пікірлерді зерделеудеміз. Олар бойынша мақсатта түрде жұмыс жасаймыз. Сот жүйесін қоғамдық бағалау соттар жұмысының сапасы мен тиімділігін арттыруға, сот қызметкерлерінің жауапкершілігіне, жалпы сот билігінің беделін арттыруға оң ықпалын тигізеді», — деді ол.
Департамент басшысы сөзін түйіндей келе, Департаменттің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерін оңтайландыру және құрылымдау мқсатында басы артық функцияларды анықтау және оларды жоюға бағытталған функционалдық талдау жүргізуді тапсырды. «Біз сот қызметкерлері үшін ғана қолайлы жағдай жасауды қамтамасыз етіп қана қоймай, сот процесіне қатысатын барлық азаматтар үшін де ыңғайлы сервис ұсынуға тиіспіз. Клиентті бағдарға алу және азаматтардың жұмысымызға қанағаттануы – алдағы өзгерістердің басты міндеті», — деді ол.
Кеңесте Департамент басшысының орынбасарлары мен құрылымдық бөлімшелердің басшылары сот әкімшілігі жұмысының жекелеген бағыттары бойынша сөйледі. Бұдан басқа, жобалық іс-шаралардың нәтижелері, қаржылық тәртіпті сақтау, жергілікті соттар кеңселерінің жұмысы мен басқа да мәселелер талқыланды.
Н.Ахметзакиров кеңес жұмысын қорытындылай келе, мұқият зерделеуді және жүйелі шаралар қабылдауды талап ететін өзекті мәселелерді айқындады, аумақтық бөлімшелердің басшыларына олардың қызметін жақсарту жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Айдос Садуақасов парақшасынан

Нұр- Сұлтан қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?