Қазақстан сот жүйесінің цифрландыру барысы шетелдік әріптестерді таң қалдырып келеді. Бұл жолы еліміздің Жоғарғы Сотына Венгрия істеріндегі уақытша сенімді өкілі Шандор Дороги келді. Ол Жоғарғы Соттың Департамент басшысы Наиль Ахметзакировпен кездесті. 
Н.Ахметзакиров мейманды қарсы ала келе, сот реформасының негізгі аспектілері мен заңнамалық жаңашылдықтар туралы хабардар етті. Атап айтқанда, спикер республикадағы барлық сот залдарын аудио-видеожазба жүйесімен жарақтандырылғанына, сот процестерін бейнебайланыс арқылы өткізу мүмкіндігінің іске асырылғандығына, жеңілдетілген және бұйрықтық тәртіптегі істерді электронды форматта қарауға көшіп жатқандығына айрықша тоқталып өтті. 
Өз кезегінде Ш.Дороги Венгриядағы «Цифрлық сот 2019» бағдарламасы бойынша сот жүйесін жаңғырту бағытындағы атқарылып жатқан іс-шаралар туралы әңгімеледі. 
Кездесу соңында тараптар сот әкімшілігін цифрландыру саласында ақпарат және тәжірибемен алмасу бойынша ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға өзара мүдделілік танытты- деп тарқатады «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі, Айдос Садуақасов парақшасына сілтеме жасап.

Нұр- Сұлтан қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?