ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қоянды су қоймасын тазарту бойынша «Бірге – Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты- деп хабарлады Қазақстан Республикасы Премьер министрінің баспасөз қызметі

Экологиялық акция қатысушыларына сөзін арнаған ҚР Үкіметінің басшысы барлық өңірлердің әкімдерін, экологиялық белсенділерді, жастар ұйымдары мен еріктілерді осы бастаманы қолдауға шақырды.

 «Мен бұл акцияның кеңінен таралатынына, жалпыреспубликалық шараға айналатынына және азаматтар арасында қолдауға ие болатынына сенемін. «Бірге – Таза Қазақстан» акциясы еліміздегі экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді», — деді Асқар Мамин.

Акцияға 1200-ден астам адам қатысты. Олардың ішінде ҚР Үкіметінің мүшелері, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі, Ақмола облысының әкімі, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың, дипломатиялық корпустың, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, студенттер, еріктілер бар. Акция қатысушылары су қоймасы жағалауы аумағын қоқыстан тазартып, қоқыс жинайтын арнайы бактар қойды. Сары контейнерлерге өңдеуге болатын қалдықтар жиналса, жасыл жәшіктерге өңделмейтін қоқыстар салынды.

Нұр- Сұлтан қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?