Жеделдетілген-профилактикалық іс-шара барысында Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері бірнеше есірткі қылмысын анықтап, есірткі сақтаған күдіктілерді ұстады. Бір күннің ішінде тәртіп сақшылары марихуанна сақтаған және есірткі контрабандасы деректерін ашты.

Сонымен, ағымдағы жылдың 19 шілдесінде Арыс АПБ-не аудандық полицейлер және Кентау ҚПБ қызметкерлері бірлесіп, көшелердің бірінде патрульдеп, жедел-іздестіру шарасы барысында есірткі сақтаған деген күдікпен Шығыс Қазақстан облысының тұрғынын жеткізеді. Күдіктіні тінтіп-тексеру барысында қағазға оралған өсімдік тектес марихуаннаға ұқсас зат алынған. Зерттеу тағайындалған. Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабымен «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер күдіктінің есірткіні өзінде не себепті сақтағанын және басқа да мән-жайларын анықтауда.

Дәл осы күні Сарыағаш АПБ-не «Жібек жолы» шекара бақылау бекетінен есірткі алып өтпек болған күдіктіні ұстағандары жайлы хабарлама келіп түседі. Оқиға орнынан тез арада жеткен полицейлер, күдіктінің Өзбекстан Республикасының азаматы екенін анықтайды, алайда күдіктіні Лео атты қызметтік ит белгі беріп өткізбей қойған.

Тәртіп сақшылары тінту барысында күдіктіден 1 пакет өсімдік тектес марихуаннаға ұқсас есірткі затын анықтап, тәркілеп алады. Сарапшының қорытындысына сәйкес алынған зат, есірткілік құралы кептірілген марихуанна болып табылды, жалпы салмағы 2 гр астам.

Аталған қылмыстық дерек бойынша ҚР ҚК-нің 286-бабымен «Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы» сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауда.

Өз кезегінде Түркістан облысы полицейлері заңсыз есірткі заттарын өзінде ұстау қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеді. Сондай-ақ, есірткіні қолдану бірінші кезекте сіздің денсаулығыңызды құртатынын естен шығармаңыз. Тәртіп сақшылары азаматтарға өздеріңіз бен балаларыңызды жаман әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстануға кеңес береді.

Түркістан облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?