Көпбалалы аналар Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинмен кездесті- деп хабарлады ҚР Білім және ғылым минитрлігінің баспасөз қызметі

23 шілде күні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде көпбалалы аналардан құралған бастамашыл топ мүшелері Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинмен кездесті. Екі тарап балалардың құқықтарын қорғау саласындағы өзекті мәселелерді бірлесіп талқылау үшін платформа құру туралы өзара келісті.
Кездесуге ҚР Білім және ғылым вице-министрі Б.А.Асылова, сондай-ақ, Денсаулық сақтау, Ішкі істер министрліктері, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның өкілдері қатысты.
Жиынға қатысушылар диалог барысында ұлттық Заңнамаға балалардың қауіпсіздігіне қатысты жауапкершілікті күшейтетін және кәмелет жасқа толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстарды жасағандығы үшін жазаны қатайтатын түзетулер енгізу мүмкіндіктерін талқылады.

«Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?