Іс-шаралар жоспары аясында облыс прокуратурасы аймақтық кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып, облыс прокурорының орынбасары Қуаныш Әмрәлінің төрағалығымен аудан кәсіпкерлерімен кездесулер өткізді.Кездесулердің негізгі мақсаты — бизнестің жүйелік проблемаларын, бизнесті жүргізудегі әкімшілік кедергілерді анықтау.Кездесулер «Ашық диалог» форматында ағымдағы жылдың 15- 24 шілдесі аралығында өтті.Жалпы, прокурорлар облыстың 6 ауданында болды (Жарқайың, Есіл, Атбасар, Бұланды, Бурабай аудандары және Біржан сал ауданы).Іс-шараға 500-ден астам кәсіпкер қатысты, сұхбат барысында олардан 120-дан астам сұрақтар түсті.Сұрақтар ауқымы өте кең болды. Кәсіпкерлерді негізінен жер қатынастары, ауыл шаруашылығы, субсидиялар, тауарларды сертификаттау және салық салу мәселелері қызықтырды.Барлық сұрақтар бойынша тиісті түсініктемелер берілді, жеке өтініштер бойынша оларды шешу бойынша іс-шаралар жоспары жасалды, олар уәкілетті органдарға жіберілді. Осылайша, шешілмеген мәселелер қадағалау органының бақылауына алынды. Кәсіпкерлермен осы форматтағы жұмыс жалғасады.
Ақмола облысының прокуратурасы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?