Жамбыл облысының географиялық және климатикалық сипаттамасы күрт континенталді климатына байланысты оның аудандарында қыс бойы төмен температура болады. Ал, ауа-температурасы жоғарылаған кезде қардың тез еруі басталады.
Көктемгі мезгілде адамдарға ең бір қажет емес жағдай бұл «Су тасқыны» мен «Су басу».
Осыған байланысты, ағымдағы жылғы 12 ақпанда Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Б. Орынбековтің төрағалығымен облыстық Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия және облыстық Штаб отырыстары өткізіліп, онда 2020 жылғы су басу мерзіміне дайындығы, «Су тасқыны қатерлерінің алдын алу мен оларды жою жөніндегі 2017-2020 жылдарға арналған шаралар кешені» Жол картасының орындалу барысы және «Көктем-2020» республикалық командалық штабтық оқу-жаттығуын өткізу туралы сұрақтар қаралды.
Күн тәртібіндегі сұрақ бойынша «Көктем-2020» республикалық командалық штабтық оқу-жаттығуына азаматтық қорғау қызметтерінің күш-құралдарының дайындығы жөнінде, ТЖ департамент базасында барлық қатысты қызметтердің қатысуымен жаттығу Штабының жұмысы құрылғандығына және «Көктем-2020» оқу-жаттығу шеңберіндегі тактикалық арнайы жаттығуын өткізу бойынша ТЖ департаменті бастығының орынбасары полковник М. Қосыбаев баяндады.
Күн тәртібіндегі сұрақ бойынша гидротехникалық құрылғылардың су басу мерзіміне дайындығы, су шаруашылық нысандарында жоспарланған жұмыстар жөнінде, сонымен қатар «Су тасқыны қатерлерінің алдын алу мен оларды жою жөніндегі 2017-2020 жылдарға арналған шаралар кешені» Жол картасы тармақтарының орындалуы Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқрама басшысының орынбасары Г. Ширшинбаев баяндады.
«Қазсушар» РМК-нің теңгеріміндегі ірі су қоймаларының жағдайы, судың толуы мен түсуі және суды қабылдауға бос көлемдердің болуы туралы «Қазсушар» РМК-нің басшысы баяндады.
Аудан әкімдінінің баяндамаларын тыңдаған соң, оларға су басу мерзіміне дайындық және бар кемшіліктер туралы ахуалды сұрақтар талқыланып, сонымен қатар нақты тапсырмалар қойылды.
Отырыс соңында ТЖ комиссия төрағасы қатысты ұйымдар мен мекеме басшылырына алдағы су тасқыны қауіпті мерзімдеріне іс-шараларды ұйымдастыру мәселелеріне жауапкершілікпен қарау жөнінде нұсқау беріп, сонымен қатар Жол картаның тармақтарын орындау, азаматтық қорғау органдарының міндеті төтенше жағдайларды болдырмауға, ал орын алған жағдайда адам өлімінің және жарақат алуын болдырмауға олардың салдарын материалдық шығындарды ықшамдауға шаралар қабылдауына тоқтатылды.

Зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және
азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасы
Жамбыл облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?