Көкшетау қаласында облыс прокуроры Тимур Тәшімбаевтың төрағалығымен облыс прокуратурасының кеңейтілген алқа отырысы өтті, онда өткен жартыжылдық қорытындылары талқыланып, алдағы кезеңге арналған міндеттер белгіленді. Алқа жұмысына аудан және қала прокурорлары, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті басқармасының бастығы, мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры, сондай-ақ облыс прокуратурасының қызметкерлері қатысты.
Прокурорлық қадағалау актілерімен 416 мыңнан астам абонент құқығы қорғалды, 19 табиғи монополия субъектілері коммуналдық қызметтерге өтемақы тарифтерін енгізді. Қазіргі уақытта тұтынушыларға 3,5 млрд. теңгеден аса шығындар (айырмашылық) төленуде. 
Қадағалау актілері бойынша мемлекет кірісіне 68 млн.теңге өндіріліп алынды және 3 млн.теңгеден аса сомасына мүлік қайтарылды.
3 мыңнан астам қызметкерлердің жалақы бойынша берешегі 370 млн. теңгеден асқаны анықталды. Қадағалау шараларымен төленуге тиісті сомалар толық көлемде төленді.
185 млн.теңге сомасына 100-ге жуық пайдаланылмайтын жер телімдері мемлекет қорына қайтарылды.
Алдын алу шараларымен жалпы қылмыстың төмендеу көлемі 6,8%-ға (6 576-дан 6 131-ге), оның ішінде қылмыстар 8,7%-ға (5 731-ден 5 230-ға дейін), әсіресе ауыр қылмыстар 37,3%-ға (51-ден 32-ге дейін), ауырлығы орташа 13%-ға (4 617-ден 4 166-ға дейін), кісі өлтіру 20%-ға (25-тен 20-ға дейін), ұрлық 11,2%-ға (3 836-дан 3 407-ге дейін), тонау 18,5%-ға (124-тен 101-ге дейін), бопсалау 18,5%-ға (27-ден 22 -ге дейін) жетті.
Сотталғандардың тарапынан құқық бұзушылықтар саны 2 есеге азайды (217-ден 99-ға дейін).
Прокуратураның Құқық қорғау қызметі орталығы 1 070-тен астам азаматқа консультативтік көмек көрсетті.

Сонымен қатар, прокурорлық қадағалауды ұйымдастыруда бар проблемалық мәселелер талқыланды, кейбір аудан прокурорлары тыңдалды, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының тапсырмаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасы белгілеген мақсатты индикаторлардың орындалуын қамтамасыз ететін шаралар әзірленді. Жұмыс қорытындысы бойынша прокурорларға бірқатар тапсырмалар берілді.

Ақмола облысының прокуратурасы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?