Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының халықпен кері байланысты күшейіп, ашықтықты қамтамасыз ету туралы тапсырмасына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы xалықты ақпаратпен қамту бойынша жүйелі жұмыс жүргізуді бастайды- деп жазады бас қаланың әкімі Алтай Кулгінов өзінің парақшасында.

Әкімдіктің бірінші қабатындағы баспасөз-орталығы қалпына келтірілді. 
Енді басқарма басшылары, аудан әкімдері, қала әкімінің орынбасарлары өздерінің саласы бойынша бекітілген кестеге сәйкес тұрақты түрде баспасөз-конференция өткізіп тұрады.

Осы аптада жаңа оқу жылына дайындық, дәстүрлі «Мектепке жол» акциясына әзірлік, жұмыспен қамту, тұрғын үй бағдарламалары т.б. өзекті сұрақтар бойынша брифингтер өтіп, мамандар журналистердің сұрағына жауап береді.

Осы шаралардың өту уақыты, спикерлер туралы мәліметтер әкімдіктің баспасөз қызметі мен ресми ақпарат көздері арқылы хабарланады. 

Нұр- Сұлтан қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?