Мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсету мәселелері. Алматыда 43,2 мың мүгедек жандар тұрады- деп жазады «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі Бақытжан Сағынтаевтың парақшасына сілтеме жасап.

Олардың талаптары бойынша алғашқы маңызды қадамдар жасалды, енді әрі қарай жалғастыру қажет.

1) Олар үшін көпқабатты ғимараттардың, пандустар мен табалдырықтардың, әсіресе барлық мемлекеттік және медициналық мекемелерде, ХҚКО қолжетімді болуына немкетті қарамаған жөн. Қоғамдық денсаулық және білім басқармалары жеке мекемелермен жұмыс жасаулары тиіс. 
Бұлар маңызыды жұмыстар. Сайфеденов, Төсекбаев, Қожабергенова, Телібаев тексерулермен толық аудит жүргізетін болады.

2) Зағиптар мен нашар көретіндер үшін аялдамаларды хабарлайтын дауыстық опциямен автобустардың небәрі 55% қамтылған. Қозғалыс кезінде оларды ұмыт қалдыруға болмайды.Көлікке отыру және түсу кезінде көмек көрсеткен жөн. Зағиптар үшін қауіпті бұрылыстардағы бағдаршамдарға дыбыстық белгі орнатылуы тиіс. Метроның жаңа бекеттерін салу барысында мүгедектерге қажет қолжетімділіктің барлық талаптары сақталатын болсын.
Бұл – Әукеновке және қалалық Мобилділік басқармасына берілген тапсырма (Телібаев).

3) 2019 жылы мүгедек жандардың 60% реабилитациямен және әлеуметтік қызметтермен қамтылған. ҮЕҰ ересек мүгедектер үшін көпфункционалды реабилитациялық орталық ашуды ұсынды. Үлкен мәселе әрі қаржыға қатысты. Мәселе бірден шешілмейді, ұтымды жолдарын іздестіреміз. Бұл істі орынбасарларым Өсеров пен Әукеновке тапсырамын.

4) Алматыда 9 мың бала ерекше білім беруді қажет етеді. Оларды қаланың мектептеріне бөліп, инклюзивті білім беруге тартқан жөн.

5) Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жұмыс орындарын ашу. Заңнамаға сәйкес, меншік түріне қарамастан барлық кәсіпорындар 2% ден 4% квота берулері тиіс. 
Өкінішке орай, заң талаптары орындалмайды. Квота бойынша жұмыспен қамту деңгейі – төмен. Еңбекпен қамту орталықтары, кәсіпкерлік басқармасы саланың ҮЕҰ және кәсіподақпен бірге осы бағытта жүйелі жұмыстарды жүзеге асырулары қажет. Қалтаеваның (Шырақ қауымдастығы) және Омарғалиеваның (Даму-Көмек) тиісті ұсыныстары қаралатын болады.

Алматы қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?