Шымкент қаласы Полиция департаментімен үш жасар қызды көрiнеу көмексiз қалдырған күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі таңда күдіктінің іс-әрекеті ҚР ҚК-нің 119-бабы 3-бөлігі бойынша қайта дәрежеленді.

Өткізілген тергеу амалдарының нәтижесі бойынша қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы материалдар Шымкент қаласының мамандандырылған тергеу сотына ұсынылады.

Бұрын хабарланғандай, сараптаманың алдын ала қорытындысы бойынша жасөспірім қыздың өлімі биіктен құлау нәтижесінде құсу массасының механикалық асфиксиясынан, яғни өз құсығына тұншығып қалу салдарынан болған.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда және Шымкент қаласының Полиция департаменті мен қала прокуратурасы басшылығының бақылауына алынды.
Шымкент қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?