«Қауіпсіз жол» акциясы аясында Түркістан облысы полицейлері республикалық маңызы бар Түркістан-Шымкент трассасы бойында «Жолда қабылдау» іс-шарасын өткізді. Мұнда ТО ПД Әкімшілік полиция басқармасы мен ЖПҚ-не бағынысты патрульдік полиция батальоны қызметкерлері бірлесіп, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға байланысты профилактикалық жұмыстарын жүргізді.

Негізінен соңы ауыр зардапқа әкеліп соғатын жол-көлік оқиғаларына жүргізушілердің ҚР жол жүрісі қағидаларының талаптарын өрескел бұзатыны себеп болуда. Қазіргі жаз мезгілі, оның үстіне шілде айының ыстығында кейбір жүргізушілеріміздің ұйықтап кету жайттары салдарынан да айтып келмейтін апаттар орын алған. Бүгінгі іс-шарада полицейлер аталған олқылықтардың орын толтыру мақсатында көлік жүргізушілерін тоқтатып, бірден құжат тексермей, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Басым бөлігі жолаушы таситын қоғамдық көліктерді тоқтатып, жүргізушілеріне жол ережелері жазылған брошюралар мен сергек болып отырыңыз деген ниетпен су таратты.

Өз кезегінде көлік жүргізушілері де аталған шараны ұйымдастырушыларға ризашылықтарын көрсетіп, жол қозғалысын реттеп, апатты болдырмау мақсатында жұмыс атқарып жүрген облыс полицейлеріне алғыстарын білдірді. «Өте керемет екен, сіздерге рахмет. Үнемі қызметтесіздер, жол-көлік оқиғасының алдын алу мақсатында өткізіліп отырған акцияларыңыздың берері мол. Жолда

қауіпсіздікті сақтаймыз» -деп шын ықыласын білдірген жүргізушілер қатары көп болды. Құрметті жүргізушілер, соңғы уақыттағы жол-көлік оқиғаларынан қайтыс болғандар мен жарақат алғандардың саны күнннен-күнге артып отырғаны қоғамды да, «Тәртіп сақшыларында» толғандырып отыр.

Сол себепті, көлік жүргізушілеріне шамадан тыс жылдамдықты арттырмай, ақауы болса мән беріп, қарсы жолға шығып кетпей, ұйықтап қалмай, көліктермен жарыспай, бұрылыс жарықтарын жағып, қауіпсіздік белбеуін тағып, апатқа алып келетін әрекеттерге жол бермеу керектігі мұқият

Түркістан облысының полиция департаменті

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?