Түркістан облысы Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары Алмас Жырауов, Есенбек Олжабаев, Берік Абдуллаев 2019 жылдың шілдесінде аудан аумағын тыңғылықты тексеру мен тінту жүргізу жедел-профилактикалық шараларын атқаруы барысында Қазығұрт ауданындағы ауылдардың бірінен есірткі затына ұқсас өсімдік өсірілген ауланы анықтады. Сезіктінің сөзіне сенсек, сораны ауласында өзінің емі үшін пайдалануға өсіріп отырған.

Сол алқаптан өсіруге заңмен тыйым салынған 10 түп сора өсімдігін күтіп-баптап жатқан жерінен жасы 40-қа жақындаған ер азамат құрықталды. Аталған жайтқа қатысты Қазығұрт АПБ-нің СДТБТ-не тіркеуге алынып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабы «Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тексеру барысында, аталған өсімдіктің жалпы салмағы 4 кг-нан асатын есірткі тектес «Сора» өсімдігі екендігі белгілі болды.

Сонымен қатар, бүгінгі таңда полицейлердің айтуы бойынша «сезікті бас шарасы келу туралы міндеттемеде». Анықталған айғақ заттарға психотроптық заттар мен прекурсорларды зерттеу бойынша сот-сараптамасы тағайындалды. Бүгінгі таңда жинақталған барлық мәліметтер нақты шешім шығарылу үшін сотқа жолданды.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарды құлақтандырады: егер де сіз есірткі тектес өсімдіктерді өсіру мен күтіп баптау, сонымен қатар пайдалану мен өзгеге ұсыну секілді заңсыз әрекеттерді жасасаңыз ҚР Қылмыстық кодексінің тиісті баптары бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартыласыз.

Түркістан облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?