2019 жылғы 24 шілде — 1 тамыз аралығында «Дендросаябақ» аумағында Шымкент қаласы Полиция департаментінің психолог мамандары 700-ге жуық қызметкерлерімен психологиялық тренингтер өткізді.

Іс-шараның мақсаты полиция қызметкерлерінің эмоционалды және кәсіби шаршауының алдын алу, психологиялық дайындық деңгейін көтеру және қоршаған ортадағы жағымсыз әрекеттерге моральдық-психологиялық тұрғыда төтеп беруге бағытталған.

Психологиялық тренинг-жаттығуларға полицейлер белсене қатысып, қызметтегі ауыртпалықтарды біршама ұмытып, тренинг барысында “Шеринг” жаттығуы жүргізіліп кері байланыс ретінде қатысушылар алған әсерлерімен ой бөлісті.

Сондай-ақ, іс-шара соңында полиция қызметкерлері аталған түрлі экстремалды жағдайларға төтеп беру денгейін және өздерінің көңіл күйлерін бір-шама көтеріп және бір-бірлеріне ұсыныстары мен алғыстарын жеткізді.

Шымкент қаласы полиция департаменті

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?