Ақтау қаласы полиция басқармасына жазбаша арызбен жүгінген азаматша Ж.М. Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөлімінде 26 маусым 2019 жылы сағат 22.30 шамасында осы аурухананың дәрігері Н.Ш.-ның өзін балағаттап, ар-намысына тиетін сөздер айтқаны үшін жауапкершілікке тартуды сұраған.

Арызды тексеру нәтижесінде Ақтау қаласы полиция басқармасы 14 шілде 2019 жылы Н.Ш.-ға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 434-бабының 2-бөлігімен хаттама толтырып, оның ұсақ бұзақылықты әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасағанын, яғни қоғамдық ортада ортақ пайдаланатын орында балағат сөйлеп, жеке тұлғалардың ар-намысына тиетін сөздер айтып, айналасындағыларға сыйламаушылық білдіріп, қоғамдық тәртіпті бұзғанын көрсетіп, Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қарауына жолдаған.

19 шілде 2019 жылы сот отырысы өтіп, іс құжаттарынан төмендегі жағдай анықталған:

26 маусым 2019 жылы азаматша Ж.Д. ауырған немересін емдету мақсатында Маңғыстау облыстық балалар ауруханасына барған, дәрігер Н.Ш. баланы жұқпалы аурулар ауруханасына апаруға кеңес берген, алайда жұқпалы аурулар ауруханасында балаға дұрыс диагноз қойылмағандықтан, қайтадан Маңғыстау облыстық балалар ауруханасына жолдаған. Ж.Д. кішкентай ауырып тұрған баламен қайтадан дәрігер Н.Ш.-ның қабылдауына келгенде, ол жерде ұзақ-сонар кезекте тұрған науқастар болған. Алайда Н.Ш. қайта айналып келіп тұрғандықтан және баланың қызуы көтерілгендіктен, кезектен тыс қабылдау бөлмесіне кірген, сол кезде дәрігер Н.Ш. олардың шығуын талап етіп, салдарынан келіспеушілік орын алған. Дәрігер басқа адамдардың көзінше жұмыс орнында әдеп сақтамай, Ж.Д.-ның ар-намысына тиетін сөздер айтқан. Дәрігердің әрекеті сот мәжілісінде Ж.Д.-ның, куә Н.-ның жауаптарымен және оқиға болған жерде түсірілген бейнетаспадағы көріністен дәлелін тапты.

Айта кету керек, Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 5 наурыз 2019 жылғы қаулысымен ұсақ бұзақылық жасағаны үшін Н.Ш. ҚР ӘҚБтК-нің 434 бабының 1 бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Осы жағдайға сәйкес Н.Ш.Отаргазиевтың іс- әрекеті ұсақ бұзақылықты әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасағандықтан, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 434-бабының 2-бөлігімен сараланған.

Сот қаулысымен дәрігер Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, 1 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза қолданылды.

Атап айтатын жағдай, Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434-бабының 2-бөлігінде әкімшілік жаза ретінде 15 тәулікке дейін қамақ көзделген, басқа баламалы жаза түрі көрсетілмеген.

Сондықтан, сот Н.Отаргазиевтің жеке басының мәліметтерін ескеріп, 15 тәулік қамақ мерзімін 1 тәулікке азайтқан.

Аталған сот қаулысына Н.Отаргазиев 10 тәулік ішінде Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер қарайтын сот алқасына шағым келтіруге құқылы.

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?