«Жасанды диплом» атты ақпараттарға ресми жауап

Құрметті Сардар Абдижақия, маған қойылған сұрақтарыңыз бойынша төмендегіше жауап беремін: 
Аудандық газеттің директоры, өзін «кәсіби медиатор, журналист, блогер»- деп, таныстырушы фейсбук желісінің белсенді колданушысы Асанова (Жаксынова) Лаззат ханымның қайта-қайта көтеріп жүрген бұл маселелері бойынша бірнеше рет жауап берілген болатын. Л. Асанованың сіңлісі Н. Асанова 2018 жылдың 13- ақпан күні аудандык соттың жеке қаулысы негізінде «Педагогқа жат қылық танытқаны ушін «кінәлі»- деп танылып, ҚР Еңбек Кодексіне сайкес жұмыстан босатылған болатын. Н. Асанова тарапынан аудандық, облыстық сотқа берген «Қызметіне қайта орналастыру» бойынша берген арызы қанағаттандырусыз қалдырылған. Алайда, Н. Асанованың көп балалы ана екендігін, көп жылдық еңбегін ескеріп бірнеше мектептен жұмыс ұсынғанымызда кабылдамай ұсынысымызды кері қайтарумен болды. Сол күндерден бастап әпкесі Л. Асанова тарапынан » Білім бөлімінің күлін көкке ұшырамын, ауданның быт- шытын шыгарамын» егер сіңлімді жұмысқа коймасаң, тендер бермесең деген қорқыту, бопсалау (бетпе-бет, телефон аркылы), фейсбук желісінде маған жала жабу, каралау посттары жариялана бастады. Соның ішінде мектептерге алынған робототехника құрылғылары, жалпыға міндетті білім қорынан берілетін мектеп формасы да айтылған болатын. 2018 жылы тұрмысы төмен отбасыдан шыккан балаларға комек ретінде жергілікті бюджеттен 15.000.000 қаржы бөлініп, конкурс негізінде «Қазақ Соқырлар коғамы КБ Төлеби» жеңімпаз атанып, 420 баланы мектеп формасы, аяқ- киім, спорттық киім, спорттық аяқ-киім мен камтыды. Ал робототехника сатып алу бойынша конкурсты облыстық білім баскармасы өткізіп, жеңімпаз мердігер 9 мектепке жалпы құны 52 000 000 тұратын кұрылғыларды жеткізіп берген. Жоғарыда аталған маселелер бойынша жала жабу, жалған ақпарат тарату фактілерімен Л. Асанованы сотқа беріп, нәтижесінде ҚР ҚК-нің 130 бабы, 2 және 3 тармактарымен кінәлі деп танылған. Қазіргі таңда Л.Асанованың үстінен ҚР ҚК-нің 181 бабы мен бопсалау фактісімен іс козғалған. Жеке басыма қатысты маселе бойынша, 1995 жылы Туркістан каласындағы Абай атындағы мектеп интернатын өте жаксы- деген бағамен бітіріп, қызыл аттестат пен Қазақ-Турік Университетінде филология факультетінің кундізгі бөліміне оқуға түскен болатынмын. Алайда сол жылы тұрмыс құруыма байланысты 1 ші курстан соң аталған Университетті жалғастыруға мумкіндік болмады. Казіргі таңда жумыс аткарып жатқан диплом бойынша жан-жакты тексеру жургізіліп, диплом заңды- деп танылган. Ал колледж дипломына қатысты кейбір маселелер бойынша тергеу жүріп жатқандығын мәлімдеймін. Алайда аталған колледж дипломы мен еш жерде жұмыс атқарған емеспін, құқық қорғау органдарының қорытындысынан соң нақты жауап берілетін болады. Төле би ауданы білім бөлімінің басшысы Роза Аманова.
PS: Бүгін, 31.07.2019 жылы Арнайы әлеуметтік жеіде сұраныс жолданған болатын. Толығырақ сілтемеден:
https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=1142409279279907&id=100005325377496

Айта кетейін, Бұл туралы ақпарат, Фейсбук әлеуметтік желісінде тіркелген Лаззат Жаксынова парақшасында, Жасанды дипломға қатысты арнайы президентіміз Қасым- Жомарт Тоқаевқа арналған ақпарат жарияланып келеді. Диплом егесі, яғни аудандық білі бөлімі басшысының өз қолы мен жазған ақпаратты сіздерге ұсынып отырмын.

Біраз уақыттардан соң, «REVIZORRO» сараптамалық сайтының журналистік зерттеу қорытындысы толық жарияланатын хабарлаймын- деп хабарлады «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігінің бас директоры өзінің фейсбук парақшасында

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?