Жамбыл облысының Шу өңірі жабайы қарасора өсірудің табиғи ошағы болып табылады, сондай-ақ бұл аймақта есірткі заттарын дайындау, сақтау, өткізу үрдісі кеңінен таралған.

Сондықтан жыл сайын облыстың Полиция департаменті басқа облыстардан іссапарға жіберілген қызметкерлермен бірлесіп, қарасора қаптап өскен шақта «Көкнар» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізуде. Ал ағымдағы жыл басынан бері жамбылдық полицейлер 1,6 тонна марихуана, 6,5 келі героин және 24 келі гашиш есірткі заттарын тәркіледі.

2019 жылдың 30 шілдесінде есірткі заттарын тасымалдаумен және сақтаумен айналысатын тұлғалар туралы алынған жедел ақпарат бойынша Шу ауданының бірнеше тұрғынына қатысты тінту жұмыстары жүргізілді.

Шұғыл тергеу әрекеттері аяқталар шақта ұсталған тұлғалардың туыстары мен жақын маңдағы үйлердің тұрғындары жиналды. Полиция қызметкерлері өздерінің тікелей міндеттерін орындау барысында олар кедергі жасауға тырысты.

Осыған байланысты ПД және ПБ басшылығы осы азаматтарға заң шеңберінде іс-шараны өткізу себептерін түсіндірді, нәтижесінде тұрғындар бейбіт түрде тарқасты.

Сот органымен аталмыш дерекке қатысты жүргізілген барлық жедел- тергеу әрекеттері заңды деп танылды.

Жамбыл облысы Полиция департаменті

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?