Қазіргі таңда ұрлық жасап, оңай жолмен пайда тапқысы келетіндер қатары көбейген. Оның ішінде істеген ісі үшін жазаға тартылып шықса да, бұрынғы әдетіне салып, өзгенің мүлкін жымқыратын жайттар да орын алуда. Оған мысал ретінде айтып өтсер болсақ: -Сайрам ауданының тұрғыны 2018 жылы ұрлық жасап, сотты болып, қамаудан шыққанына көп болмаған. Алайда, бұрынғы жасаған ісі өзіне сабақ болмаса керек. Ол қанға сіңген әдетіне басып, қайта ұрлық жасаған. 27.07.2019 Сайрам АПБ-ның кезекші бөліміне 3 тұрғын келіп, арызданады. Олардың бірі ауласында тұрған велосипеді ұрланғанын айтса, келесісі автокөлігінен 22 000 теңге тұратын автокөлік теледидарын белгісіз біреу жымқырғанын көрсетеді. Үшінші тұрғын да, өз көлігінің ішінде тұрған 100 000 теңге ақшасы мен басқа да бағалы заттарын ұрлап кеткені жайында шағым түсіреді. Аталған жайттар ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Тұрғындардың арызы бойынша күдіктіні ұстау мақсатында аудандық полицейлер тез арада іске кірісті. Қажетті деген шараларды жүзеге асырып, куәгерлерден сұрастырып, жақын аймақтарды, оқиға орындарын мұқият тексеріп, күдіктіні іздестіру жұмыстарын жасады. Полицейлер шұғыл жүргізілген шараларының нәтижесінде, қылмыстың ізін суытпай 1 күн ішінде күдікті ретінде жергілікті тұрғынды, бұрын сотты болған жас жігітті ұстайды. Тергеп-тексеру барысында, күдіктінің үйінен айғақты заттар алынып, заңды иелеріне қайтарылды. Күдікті өз кінәсін толық мойындап, қажетті құжаттар жинақталды. Қазіргі таңда, қылмыстық іс сотқа жолданды. Күдікті қамауда. Түркістан облысы полицейлері әсіресе ата-аналарға өз балаларыңызды бақылауда ұстап, қайда, не істеп жүргенін біліп отыру керектігін ескертеді. Себебі, ұрлық жасайтын жастардың көбісі, отбасындағы тәрбиенің дұрыс берілмей, кейбір жіберілген кемшіліктердің салдарынан осындай жаман жолға түсіп, бөтеннің мүлкін ұрлауға бейім болып тұратынын айтады. Сондықтан баланы жастан өзгенің затын рұқсатсыз алмауға дағдыландыру керек

Түркістан облысы полиция департаменті

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?