2019 жылдың 2 тамызында кешкі уақытта Төлеби ауданының аймағы Алматы-Ташкент -Термез жолында жол апаты орын алды. Шымкент қаласына қарай бағыт алған жүк көлігі қарама қарсы бағытқа шығып кетіп, «Ауди» маркалы жеңіл көлігі мен «Камаз» жүк көлігімен соқтығысып, содан соң жанып кеткен. Жол көлік оқиғасының салдарынан   «Ауди» көлігінің жүргізушісі мен   екі жолаушысы қаза болды, ал жүк көлігінің жүргізушісі ауруханаға жетпестен көз жұмды. Сондай-ақ «ауди» көлігінің бір жолаушысы дене жарақаттарымен жан сақтау бөліміне жеткізілді. «Камаз» көлігінің жүргізушісі дін аман. Қазіргі таңда аталған жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша сотқа дейінгі тексеру амалдары жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды. Полицейлер оқиғаның толық мән жайын анықтауда.
Түркістан облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?