2019 жылдың 30 шілдесінде ҚР Ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған жол картасын іске асыру мақсатында Қазығұрт ауданында фронт-офис ашылды. Халықтық кеңсенің салтанатты ашылу рәсіміне Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі А.Сейдуалиев, Түркістан облысы ішкі істер органдары ардагерлер кеңесінің төрағасы О.Жанқожаев, Қазығұрт АПБ-нің басшысы, полиция полковнигі А.Ақшораев, аудан әкімі Т.Телғараев, аудандық мәслихат хатшысы Ө.Көпеев, аудандық ішкі істер органдары ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Жұматаев қатысты.

30 шілде күні ашылып, өз жұмысын бастап кеткен халықтық кеңсе бүгінгі күнге дейін 20-ға жуық азаматты қабылдады. Ішкі істер органына қатысты көкейіндегі жүрген сауалдары мен мәселелері бойынша халықтық кеңсеге келген азаматтардың басым бөлігі, көші-қон саласы мен мал ұрлығы бойынша сол жердегі тәжірибелі полицейлердің көмегіне жүгінген. Бүгінгі таңда бірқатар тұрғындардың арыз-шағымдары сол сәтте шешімін тауып жатса, енді біріне басшылық тарапынан бақылауға қойылды.

Еске сала кетсек, Түркістан облысы Полиция департаментінің тікелей ықпалымен облыс көлемінде 10-нан астам фронт-офис ашылған. Жоспар бойынша мұндай фронт-офистер облысымыздың барлық қала, аудандарында ағымдағы жылдан қалмай ашылып, халыққа қызмет көрсетеді деп жоспарлануда.

Түркістан облысы полиция департаменті

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?