Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» ақпарат алаңында Жамбыл облысы білім басқармасының басшысы Тұрмағанбетова Рахия Сейтбекқызының қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Рахия Сейтбекқызы жергілікті бюджет қаражаты есебінен грант беру тәртібі туралы баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.
Спикердің айтуынша, ҚР Үкіметі 2019-2020 оқу жылына көп балалы отбасыларының балалары мен атаулы әлеуметтік көмек алушыларға қосымша республикалық трансферттен 5000 грант бөлді (Жамбыл облысына — 460 орын), оған қосымша жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары оқу орындарына 30 орын және 9 орын резидентураға бөлінді. Барлығы 499 орын.
Жоғарыда айтылған санаттағы тұлғалар республикалық конкурсынан өтпесе, онда ЖАО конкурсына қатысуына болады.
ЖАО конкурсына қатысу үшін құжат 5-10 тамыз аралығында, жоғары оқу орнынан кейінгі оқу орнына (резидентура) 24-25 тамыз аралығында қабылданады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізбесі:
1) белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш;
2) білімі туралы құжаты (құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде төлнұсқа);
3) ҰБТ сертификаты;
4) 086-У нысаны бойынша медициналық анықтама;
5) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
Сонымен қатар, талапкерлер көпбалалы отбасынан шыққан және атаулы әлеуметтік көмек алатын балалар дәрежесінде екендігін растайтын құжаттарды ұсынуы тиіс.
Беру тәртібі:
ЖАО білім беру гранттары өңірлердің жоғары білімі бар кадрларға қажеттілігін ескере отырып, ҰБТ сертификатының балына сәйкес конкурстық негізде тағайындалады.
Конкурсқа қатысу үшін (шығармашылық даярлықты талап ететін жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына түсушілерді қоспағанда), ҰБТ нәтижесі бойынша ұлттық ЖЖОКБҰ-ға (жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары) – кемінде 65 балл, ал Педагогикалық ғылымдар», «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «Ветеринария» білім беру салалары бойынша – кемінде 60 балл, басқа ЖЖОКБҰ-ға – кемінде 50 балл, ал «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша – кемінде 60 балл, «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» білім беру саласы бойынша – кемінде 65 балл, оның ішінде Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы – оқыту тілі бойынша – кемінде 5 балл және әр бейіндік пәннен кемінде 5 балл жинау қажет.
Қабылдау комиссиясының мекен-жайы: Тараз қаласы, Төле би к-сі 60, М.Х.Дулати ат.Тараз мемлекеттік университетінің ғимараты.

Жамбыл облысының өңірлік комуникациялар қызметі

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?