Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің келісімімен, Маңғыстау облысы әкімінің
өкіміне сәйкес, Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы болып Ержан Күмісқалиев тағайындалды.

Ержан Көпжасарұлы 1983 жылы туған, білімі жоғары, мамандығы «заңгер».

Еңбек жолын 2007 жылы Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы №3 орта мектебінің тарих және құқық пәнінің мұғалімі қызметінен бастады, кейін директордың оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары болды.

2008-2016 жылдар аралығында Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасында бас маман, бөлім басшысы, басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.

2016 жылдың қараша айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Маңғыстау облысы әкімдігі

Маңғыстау облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?