Өзінің қызметтік міндетін мінсіз орындауға тырысқан полиция аға лейтенанты Тайыр Нахыпжанұлы Шералиевтің дүниеден озғанына он жылдың жүзі де өте шығыпты.

Ата-анасының арқа сүйер жалғызы, бейбіт күннің батыры артынан із қалдырмай жастай қыршын кеткені жанға батады. Алланың ұлылығымен жалғыз әпкесінің үш қызынан кейін ерген атұстары Тайырдың туылған күнінде дүниеге келіп, ата-әжесінің мауқын басты.

Осы орайда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Е. Тұрғымбаевтың тапсырмасымен Ішкі істер министрлігі Кадр саясаты департаментінің бастығы А.Сайтбеков, Шымкент қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары А.Әмзеев қызмет бабында ерлікпен қаза тапқан Тайыр ағамыздың ата-анасына құрмет көрсетіп, хал-жағдайын сұрап, атаулы қаржылай сыйлығын табыстады.

Ішкі істер органдарының қызметкерлеріне, отандастарымыздың өмірін, қауіпсіздігін және олардың амандығын сақтау жолында үлкен жауапкершілік жүктелген. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Шералиев Тайыр ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды. Т. Шералиевтіңң есімімен көше беруге қолдау көрсету туралы Шымкент қаласы және Түркістан облысының әкімдеріне Шымкент қаласы Полиция департаменті бастығымен хаттар жолданып, қазіргі таңда қаралуда. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Б.Момышұлы атындағы оқу орталығында Тайыр ағамыздың құрметіне бір сынып ашу жоспарлануда.

Ел тыныштығы үшін өз басын қатерге тіккен азаматтардың ерлігін насихаттау, оларды ұлықтап отыру, полиция қызметінің жариялылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету, қоғамның полиция қызметіне деген сенімін жоғарылата отырып бұқарамен жақындастыру, қазақстандық патриотизмді насихаттау – негізгі мақсатымыз болғандықтан, ерлікпен қаза тапқан ерлерді ұмытпайық!

Шымкент қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?