Солтүстікқазақстандық полиция басшылығының мекенжайына Петропавл қаласының тұрғындарынан екі алғыс хат келіп түсті. Олар хат арқылы полицейлерге алғыстарын білдіріп, тәртіп сақшыларының кәсібилігін ерекше атап өтті.

СҚО Полиция департаменті бастығы полиция полковнигі Марат Төлебаевтың атына Петропавл қаласының тұрғынынан хат келіп түсті, хат арқылы Талия Фасадовна Петропавл қ. Полиция басқармасының № 4 учаскелік полиция пунктінің учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Асылтас Жанабековке жылдамдығы, шеберлігі, көрсеткен кәсібилігі үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ, 61 жасар Талия Фасадовна Мишурина өз хатында, подъезд бойынша көршілері оның пәтерінің қасына екі креслоны қойып, сол жерде темекі шеккенін және спирттік ішімдіктерді ішкенін баяндайды. Отырыстарды доғаруды өтінген зейнеткерге олар былапыт сөз айтып, балағаттаған. Учаскелік полиция инспекторы Асылтас Жанабековке жүгінгеннен кейін жағдай түзелді: «Сол күні көршілерге креслоларды орнына қойғыздырды, маған тіл тигізіп, балағаттамауды ескертті, қойманың кілтін бергізді. Қазір мені ешкім мазаламайды. Сондай-ақ, № 4 УПП жұмыс істейтін барлық полицейлерді атап өткім келеді, олар қызметті адал атқарады, жедел ден қойып, барлық мәселелер бойынша көмектеседі», — деді Талия Фасадовна.

56 жасар қала тұрғыны Надежда Александровна Валдаева да өз хатында Петропавл қаласы Полиция басқармасының қызметкерлеріне алғысын білдіріп, оларды марапаттауды сұрайды, полицейлер оның 25 жасар ұлының жүрген жерін анықтаған болатын. Маусым айының ортасында жігіт нәпақа табу үшін белгісіз жаққа кетіп қалады. Біршама уақыт өткеннен кейін анасы полицияға жүгінеді.

«Пәтерде жүргізілген қажетті іс-шаралар мен құжаттарды толтырғаннан кейін полицейлер маған үнемі хабарласып тұратын. Тәртіп сақшылары күнде қоңырау шалатын, ұлым туралы сұрастырып, сондай-ақ, бағдар парақшаларының жан-жаққа жіберілгенін айтып, көңілге жұбаныш қондыратын. Полицейлер контактілерді анықтау үшін баламның телефонын алып тексерді, нәтижесінде телефон үлкен септігін тигізді. Кейін ноутбуктағы фотоларын да жүктеп алып кетті. Тергеуші лейтенант Алмас Шайгөзөв ақ жарқын жігіт, маған үнемі қолдау білдіріп отырды. Ал жедел уәкіл белсенді, білікті, білімді маман».

Қалалық Полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімі бастығының орынбасары полиция майоры Дархан Зияфиддиннің сөзінше, іздестірумен жедел уәкіл полиция аға лейтенанты Жаслан Балдықов айналысты. Кешенді жұмыс жүргізілді, нәтижесінде таныстары арқылы оның жүрген жерін анықтау мүмкін болды. Жігіт табыс табуға кетіп бара жатып, жұмыс орнының мекенжайын білмеген. Ол осы күнге дейін Мағжан Жұмабаев ауданында болып, бригада құрамында орманда жұмыс істеп, вагонда түнеп жүрген. Күндердің бір күнінде телефон арқылы анасымен хабарласқан. «Телефон нөмірімді ұмытып, сандардан қателескен, менімен тек 16 маусым хабарласты. Онымен сөйлесердің алдында 7 минут бұрын полиция қызметкері телефон шалып, ұлымның хабарласатынын айтты. Қызметкерлерге деген алғысым шексіз»,- дейді ана, полиция басшылығына алғысы толы хатында.

СҚО ПД баспасөз қызметі

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?