ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ ЕРЛАН ТҰРҒЫМБАЕВ ҚЫРҒЫЗСТАН, ТӘЖІКСТАН ЖӘНЕ ӨЗБЕКСТАННАН КЕЛГЕН ӘРІПТЕСТЕРІМЕН КЕҢЕС ӨТКІЗДІ


Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі хабарлады, ҚР Ішкі істер министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ағымдағы жылдың 8-10 тамыз аралығында Алматы қаласында Қазақстан Республикасы, Қырғыз республикасы, Тәжікстан Республикасы және Өзбекстан Республикасы ішкі істер министрлерінің екінші кеңесі өтті.

Іс-шара өңірдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша аймақтық ынтымақтастықты нығайту шеңберінде өткізіледі. Мемлекет басшылары өткен жылғы 15 наурызда Астана қаласында өткен кездесу барысында өзара іс-әрекеттердің осындай жаңа форматына бастамашылық жасаған болатын.

Кеңес жұмысына Қазақстан ішкі істер министрі Е.З. Тұрғымбаев, Тәжікстан ішкі істер министрі Р.Х. Рахимзода, Өзбекстан ішкі істер министрі П.Р. Бобожонов және Қырғызстан ІІМ Өкілеттті уәкілі А.К. Долосбаев, ішкі істер министрліктері орталық аппараттары қызметтерінің, сондай-ақ шекара маңындағы өңірлер ішкі істер органдарының басшылары қатысты.
Кездесу барысында ішкі істер органдарының заңсыз көші-қонға қарсы күрес, қылмыскерлерді іздестіру саласындағы, сондай-ақ шекара маңындағы өңірлер ІІО-ның бөтен мүлікті ұрлауға қарсы күресте өзара байланысының өзекті мәселелері қаралды.

«Чолпон-Ата қаласында өткен бірінші Кеңестен бері бір жыл уақыт өтті. Ынтымақтастықтың осындай жаңа форматы туралы бастама өткен жылы 15 наурызда Астана қаласында өткен мемлекет басшылары басқосуында көтерілген болатын. Бүгін бізге өзара келісімге өткен жылы қол жеткізілді деп айтуға негіз бар. Бұл ынтымақтастық, әсіресе шекаралық өңірлердегі байланыстың одан әрі нығайуына серпін берді. Біз қырғызстандық, тәжікстандық және өзбекстандық әріптестермен екіжақты, көпбағытты форматта табысты қызмет атқарып келеміз. ШЫҰ аясында және басқа да халықаралық ұйымдармен байланыса отырып, ТМД аумағындағы қылмыспен күрестің бірлескен бағдарламаларын іске асырамыз. Есірткі қылмысы, терроризм және экстремизм, заңсыз көші-қон, сондай-ақ трансұлттық ұйымдасқан топтармен байланысты жалпы қауіп-қатердің өсуі бізден Орталық Азия аумағында бірлесіп осындай қылмыс түрлерімен күресуді талап етеді. Сондықтан біздің стратегияларымыз бен өзара байланысымыздың әдіс-тәсілдерін жетілдіруді кешенді түрде қолға алу қажет. Осы тұрғыдан келгенде біздің Кеңесіміз мүмкін болатын қауіп-қатарлердің алдын алуға бағытталған уақытылы шешімдерді қабылдап, өзекті мәселелерді талқылаудың қолайлы алаңы болып табылады», – деп мәлімдеді ІІМ Басшысы Ерлан Тұрғымбаев.

Отырыс қорытындысы бойынша ішкі істер министрлері кеңес Хаттамасына қол қойды.

Бұған қоса, делегация басшылары трансшекаралық қылмысқа қарсы күресте Орталық Азия өңірі мемлекеттерінің ішкі істер органдарының күш-жігерін үйлестіруші өңірлік консультативтік-кеңесші орган ретіндегі Кеңес қызметінің құқықтық негіздерін бекітті.
Нұр-Сұлтан қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?