Шымкент қаласының прокуратура органдары жүргізген тексеру және талдау жұмыстарының нәтижесінде 433 мың азаматтың құқықтары қорғалды.
ҚР Салық Кодексіне сәйкес мүмкіндігі шектеулі (мүгедек) азаматтар мүлік, көлік, жер және т.б. салықтардан босатылған, алайда салық органдары аталған санаттағы азаматтардан заңсыз салық төлеуді талап етіп келген. 
Прокуратура органдарының ықпал етуімен аталған салықтарды төлеп келген мүмкіндігі шектеулі 1200 азаматтың құқықтары қорғалып, оларға заңсыз салынған салық төлемдері қайтарылған.
Қаратау ауданы прокуратурасы білім басқармасында жүргізген талдаудың нәтижесінде орта білім беру ұйымдарының педагогтарын медициналық зерттеп — қараудан тегін өтуі қамтамасыз етілмей келгенін анықтаған. Енгізілген қадағалау актісі негізінде 17 879 педагогтың медициналық зерттеп — қараудан тегін өтуіне 18,9 млн. теңге қаралған.
Денсаулық сақтау ұйымдарына енгізілген қадағалау актісі негізінде 3 мыңға жуық кәмелетке толмағандарға заңмен белгіленген кепілді медициналық көмектің көлемі көрсетілген. 
Қала прокуратурасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылар құқықтарын қорғау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментіне енгізген ұсынуы негізінде «Жеңіс» ЖШС қамтамасыз ететін табиғи газдың 1 000 текше метрі үшін тариф 3587,67 теңгеден 3497,91 теңгеге азайтылып, 11 мың тұтынушының құқықтары қорғалды.
Осы ұсыну шеңберінде «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақтың 14 кәсіпкеріне су пайдаланғаны үшін судың бағасы 4,53 теңгеге азайтылған. 
Еңбекші аудан прокуратурасының Еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасына берген тапсырмасына сәйкес жүргізілген тексеру нәтижесінде «Хлопкопром-Целлюлоза» ЖШС 118 жұмыскерге қарыз болған 14 млн. теңге жалақысын өтеді.


Шымкент қаласының прокуратурасы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?