Темір тапшылық анемиясы – әлеуметтік маңызды аурулардың бірі болып табылады. 
Ағзадағы темір гемоглобиннің бір бөлігі болып табылады және қан түзу процесіне қатысады. Темір деңгейінің төмендеуінен қан аздық пайда болады, бұл сыртқы келбеттің нашарлауы мен жұмысқа деген қабілеттің жоғалуына әкеліп соғады. Микроэлемент жетіспеушілігінің басты себебі — құрамында темірі бар тағамдардың азық-түліктер арасында болмауынан орын алатын теңгерімсіз тамақтану. 
Қан аздықтың пайда болуына әкелетін факторлар:
Әртүрлі себептермен қан кету химиялық заттың жеткіліксіз болып табылуының басты себебі. Әйелдерде қан жоғалту етеккірдің қатты келуімен байланысты болуы мүмкін. Созылмалы аурулар мен жарақаттар кезінде ішкі қан кету қаупі бар. Ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдердің анемиямен ауруы өз кезеңінде жүктілік пен босану кезінде ана мен бала өлімі көрсеткіштерінің жоғарлауына, балалардың физикалық және ақыл-ой дамыуның кешеуілдеуіне әсер етеді.
Балаларда темір жетіспеушілігі қатты өсуде. Өмірінің алғашқы үш жылында бала тез өсіп, нәтижесінде құрамында темірі бар элементтердің жеткілікті мөлшері балалардың ағзасына түсіп үлгере алмайды.
Жүктілік кезеңі қан көлемінің елеулі ұлғаюымен байланысты. Екінші семестрден бастап болашақ ана ағзасына темірдің екі есе мөлшері түсу керек.
Әйелдерде патология жатыр миомасы, эндометриоз, жатырдан қан кету, контрацепциялық препараттарды қабылдау, гинекологиялық отадан кейін пайда болуы мүмкін.
Қазіргі кезде халық арасында теміржетіспеушілік анемиясының алдын алу жолдарының бірі витаминді-минералды кешенді қоспалармен байытылған (фортификацияланған) жоғарғы және бірінші сұрыптағы бидай ұнын пайдалану болып табылады, себебі ұн тұрғындардың барлық әлеуметтік тобы жаппай тұтынатын тағам екені белгілі.
Бұл өнімнің сапасы мен қоректілік құндылығын арттыруға мүмкіндік береді. Көпшілік тұтынатын өнімдерді темір мен фолий қышқылымен байыту адамдардың өмірін сақтауға, жүйке түтігінің туа біткен кемістігі мен жүрек-қан тамыры ауруларын болдырмауға мүмкіндік береді.
Сонымен қоса, сиыр еті, балық, бауыр, бүйрек, өкпе, жұмыртқа, сұлы, қарақұмық жармасы, ірі бұршақ, ақ саңырауқұлақтар, какао, шоколад, көкөніс, бұршақ, алма, бидай, шабдалы, жүзім, май шабақ, қара өрік тағамдарын тағамға жиі пайдалану болып табылады.
Түркістан облысының қоғамдық денсаулық сақтау департаменті

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?