Йод адам организмінің дұрыс қалыптасуына орасан зор әсер ететін микроэлемент. 
Йод жетiспеушiлiгі ауруларының iшiндегі – эндемиялык зоб аса қауiптi ауру болып есептеледі. Осының салдары көптеген аурулар түйiндi құрылымдар мен қатерлi iсiктердің дамуына әкеліп соғады. Йод жетiспеушiлiк ауруларының ең ауыр түрлерiнiң бiрi – балалардың ақыл-ойының және дене дамуының тежелуiне, жыныстық дамуының жетiлмеуiне, жүкті әйелдердің түсiк тастауына әкелу қаупі бар. Сонымен қатар, жүйке жүйесімен қоса барлық ағза зардап шегеді. Балалар бас сүйегі ішіндегі қысымға байланысты бас ауруына, әлсіздіктің пайда болуына, терінің сұрлануына шағымданады, астеникалық синдром көріністері, кардиологиялық өзгерістер – ырғақтың бұзылуы. Сондықтан, йод жетіспеушілігінің алдын-алу мақсатында үнемі келесі жұмыстарды атқару қажет. Жергілікті тұрғындарға құрамында йод бар медикаменттердi тағайындау. Йодпен байытылған азық-түлiктердiң көмегiмен йод жетiспеушiлiктi жою. Әлсіз топтар, ерте жастағы және мектеп жасындағы балалар арасындағы йод жетіспеушілігін жою үшін топтық алдын алу жұмыстарын жүргізу қажет, ол үшін әлемдік тәжірибеге сай 100, 200 мкг йодид, йодомарин таблеткаларын қолдану қажет. Осыларды ұсына отырып, біз өзгеріске түскен қалқанша безі гормондар синтезін қайта қалпына келтіруге ықпал етеміз. Йодты алудың ең бiр жақсы жолы – йодпен байытылған теңiздiң жәндiктерiн, теңiз балықтарын, теңiз балдырларын, теңiз өнiмдерiн тағамға жиi пайдалану болып табылады. Бірақ ет пен балықты қайта-қайта мұздатқанда ондағы йод жойылып кетеді. Сонымен қатар көкөністер ішінде – қызылша, шпинат, қызанақ, сәбіз, картоп, орамжапырақ, пияз, бұршақ, сарымсақ, ал жеміс-жидектер ішінде – құрма, алма, жүзім, шие, қара ала шабдалы, грек және балқарағай жаңғақтарында, ал жармалар ішінде – қара құмық және тары құрамында да йод мол. Сондықтан күнделікті өмірде аталмыш тағамдарды жиі пайдалану – йод жетіспеушілігін болдырмаудың басты жолы. Адам йодтың 90 пайызын тағамнан, ал қалғандарын ауа мен судан алады. Йод жетiспеушiлiкпен күресудiң ең маңызды жолдарының бiрi – жаппай тұрғындардың йодталған тұзды тұрақты пайдалануы болып табылады.
Түркістан облысының қоғамдық денсаулық сақтау департаменті

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?