Естеріңізде болса ағымдағы жылдың 23 желтоқсан күні «Түлкілік болмағанда, енді не мынау Өмірзақ Шөкеев?» және сол мағынада Түркістан облысы басшылары назарына, жазылған ақпарат, Сардар Әбдіжақияның фейсбук парақшасында жарияланған болатын. Ақпаратта, Түлкібас ауданында мұздың үстіне асфальт төселгені туралы бейнежазба тарқатылған еді. Түлкібас ауданына қарасты Түлкібас кентіндегі Ш.Шынғысбеков көшесін орташа жөндеу жұмыстары орындалу барысында құрылыс стандарттары бойынша, «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі арнайы Түлкібас ауданына атбасын бұрып, мұздың үстіне асфальт төселді-деп көрсетілген көшеге барып, асфальттің шынында да кішкене бөлігі, көше бойындағы мұздың үстіне салынып кеткені расталып, аталған жер аудан әкімі Нұрбол Тұрашбековтың өз бақылауына алынып, толықтай түзеу жұмыстары жүргізілген және мұз үстіне салынған жол- деп аталған жер тазаланып, қайтадан асфальт салынған. Атап айтқанда, СНиП 3.06.03-85 талаптарына сай орындалуда. Нормативтерге сәйкес қоспаның температурасы 100°С-тан кем болмауы тиіс, қоршаған орта температурасы +5°С-тан төмен емес ауа-райы кезінде төселуі тиіс және стандарт бойынша орындалғаны туралы, «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігінің журналистік зерттеу жұмыстары бойынша ақпарат анықталды. Аталмыш нысанда атқарылған жұмыстары барысында жоғарыда көрсетілген талаптар сақталған. 2019 жылғы 20 желтоқсанда ауа температурасы елді мекен аумағында +8°С құрап, орташа жөндеу жұмыстарына қолайлы ауа райы кезінде орындалған. Жұмыстар басталмас бұрын аталмыш жол бөлігіне тазарту, кептіру жұмыстары жүргізілгеніде белгілі болды. Мердігер мекеме «Түлкібас жолдары» ЖШС 2019 жылғы 20 желтоқсанда жоғарыда аталған нысанда орта жөндеу жұмыстарын жүргізген. Бейнероликте көрсетілген кемшіліктер бойынша асфальт бетон жанына түскен мұздар ойылып, су ағатын арық жасалынған. Алдыңғы төселінген асфальт бетон жамылғысы толығымен алынып, жұмыстар қайта орындалды. Мердігер мекемемен атқарылған жұмыстарына келісім шарт бойынша кепілдік мерзімі 3 жылды құрайды. Алдағы уақытта аталмыш көшеде қандай да бір ақаулар пайда болған жағдайда келісім шарт негізінде мердігер мекеме өз есебінен жөндейтін болатынын, мердігер мекеменің басшысы ресми тілде тілге тие кетті. Айта кету керек, Түлкібас кентіндегі Ш.Шынғысбеков көшесін орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп салынған асфальт бойынша бүгіңгі таңда қабылдау комиссиясынан өтпеген.

«Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі

Түркістан облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?