Алматы қаласының Алатау ауданының әкімі мен оның орынбасары жемқорлық бойынша күдіктелуде

Бұл туралы, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі хабарлады. Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі, оның орынбасары, сондай-ақ осы аудан әкімі аппаратының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысын әшкереледі.

Олар 2019 жылы «Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту» мемлекеттік бағдарламасы бойынша бөлінген бюджет қаражатын ірі мөлшерде ұрлады деген күдікке ілінді.

Сондай-ақ, аудан әкімі орынбасарының жалпы қамқорлығы үшін және қызметтік жалған әрекет жасау арқылы орындалған жұмыстар актілеріне нақты орындалмаған жұмыстардың орындалуы туралы көрінеу жалған мәліметтер енгізу жолымен мердігер ұйымның өкілінен 500 мың теңге сомасында параны карточкалық шотқа банктік аудару арқылы алу фактілері бойынша тергеу жүргізілуде.

Аудан әкімі мен оның орынбасары ұсталып, Алматы қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау абақтысына қамалды. Бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешілуде.

Әкімдіктің мәдениет бөлімінің басшысына қатысты, күдікті мен оның қорғаушысының келу туралы міндеттеме беруіне және кінәні мойындауға байланысты процессуалдық ұстау қолданылған жоқ.

Күдіктілердің кінәлілік дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?