Батыс Қазақстан облысы прокуратурасында 2019 жылдың жұмыс қорытындылары талқыланған алқа мәжілісі өтті.

Әлеуметтік экономикалық салада прокурорлармен 418 мың азаматтың құқығы қорғалғаны, 282 тұлғаның жауапкершілікке тартылғаны, 1 нормативтік-құқықтық актінің күші жойылғаны, 809 млн. теңге бюджетке және құны 1,3 млрд. теңгенің мүлкі мемлекетке қайтарылғаны аталды.

Прокурорлардың талап арызы бойынша 18 ақпараттық материал экстремистік деп танылып, уәкілетті органдармен ұқсас 300 сайт жабылды.

Еңбекақы бойынша жалпы сомасы 89,2 млн. теңгенің берешегі 142 кәсіпорында жасайтын 369 жұмысшыға қайтарылды.

Ден қою шаралары мен үйлестіру жұмыстарының арқасында қылмыстар 13,5% (10381-ден 8976-ке дейін), оның ішінде кісі өлтіру 23% азайды.

Электрондық форматта 4431 (37,2%) қылмыстық құқық бұзушылық тіркеліп, 553 сотқа жіберілді.

Күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау 30% төмендетілді (286-дан 208-ге дейін).

Ұлттық алдын алу тетігімен сотталғандарды бірлесіп қабылдау, тексеру жүргізілді. Нәтижесінде режимді бұзу 33% (303-тен 203-ге) азайды.

Қабылданған үйлестіру шаралары колонияға 12 кәсіпкерді (102 жұмыс орнын қамтамасыз етті) тартуға, сондай-ақ «Еңбек» РМК-ні мемлекеттік тапсырыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Атқарушылық өндіріс бойынша мемлекет пайдасына берешек соммасы 67% (18 млрд. 4,2 млрд. дейін) азайды.

Прокурорлармен 4962 азамат жеке қабылданды. Құқық қорғау қызметтері орталығына 1646 адам келіп, барлығына заңнамалар түсіндіріліп, арыздар жазуға көмек көрсетілді.

Кеңес соңында облыс прокуроры Жандос Өмірәлиевпен қала, аудан прокурорларына өңірде заңдылықты, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету туралы тапсырмалар берілді.

Бауыржан Закиұлы Ахметжан

БҚО прокурорының аға көмекшісі

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?