Алматы қ. Үстіміздегі жылдың 1 және 2 ақпанында баршаға белгілі «Медеу» мұз айдынында әлемнің үздік мұз гладиаторлары күш сынасатын болады. Осы күндері әйгілі биік тау мұз айдынында FIM Халықаралық Мотоцикл Федерациясының қамқорлық етуімен 2020 жылы бірінші Спидвей бойынша (мұздағы мотожарыс) жеке Әлем чемпионатының бірінші финалы өтеді.

2015 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Автомотоспорт Федерациясы Алматы қаласының «Медеу» мұзайдынында жарыстың төрт финалын және Нұр-сұлтан қаласының «Алау» жабық мұз сарайы аренасында бір финалды сәтті өткізді. 2020 жылы өтетін жеке Әлем чемпионатының финалы алматылық жанкүйерлер мен барлық адреналин әуесқойлары үшін бесінші болып, Қазақстандағы маңызды Қысқы халықаралық жарыстардың маусымын ашатын болады.

«Спидвей — ең күрделі де қауіпті, сонымен қатар ойын-сауықтық тартымдылығымен адам жанын жаулап алатын мотоцикл спорттың қызықты түрі болып табылады. Біз бұл бесінші, мерейтойлық финалдың аты аңызға айналған «Медеу» мұз айдынында өтетініне қуаныштымыз. FIM тректік комиссиясының жоғары талаптарына жауап беретін жинақталған тәжірибе мен қажетті инфрақұрылым, сондай-ақ «Самұрық — Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры Бас серіктесінің, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен Алматы қаласы әкімдігінің қолдауы бізге FIM-мен ынтымақтастықты бекітуге және кейінгі жылдары ЖҚТБ-дан Әлем чемпионатының финалдарын өткізуге құқық алуға мүмкіндік берді», — деді Қазақстан Республикасы Автомотоспорт федерациясының президенті Марат Әбіқаев.

2020 жылы Спидвей бойынша жеке Әлем чемпионаты бес финалда өтеді. Бірінші финалды өткізу Қазақстанға сеніп тапсырылса, екінші финал Ресейдің Тольятти қаласында, үшінші финал Ресейдің Шадринскі қаласында өтіп, чемпионат Германия мен Нидерланды елдерінде аяқталатын болады. Әлем чемпионатының командалық финалы Германияның астанасы Берлинде өтіп, оған алғаш рет Қазақстанның мұз гладиаторлары командасы қатысатын болады.

Барлық алматылықтар мен қала қонақтары естен кетпес эмоцияларды бастан кешіріп, мұз әлеміндегі құмарлықтарды көру үшін Спидвей бойынша жеке Әлем чемпионатының бірінші финалына шақырылатын болады. Билеттерді «Медеу» УСК кассасынан, сондай-ақ; www.medey.info ресми сайтынан ала аласыз.

Жарыстың ашылу салтанатының басталу уақыты

2020 жылдың 1 ақпаны, 1 Финал – 12.30

2020 жылдың 2 ақпаны, 2 Финал – 12.30

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?