Жаяу жүргіншілер үшін қолайлы жағдай жасау, көпорталыққа бағытталған тәсілдерді енгізу, көшелердің автокөліктер жүретін жолдарын кеңейту, жасыл желектерді егіп, оларды күтіп ұстау, веложолдарды ұлғайту, көпірлер салу және қаланы дамыту бойынша басқа да өзекті мәселелер «Нұр-Сұлтан — тұрғындарға жайлы қала» атты елорданы одан әрі дамыту жоспары мен қоғамдық кеңістікті дамыту бағдарламасында өз көрінісін тапты. Жоғарыда аталған мәселелер қаланың белсенді тұрғындарымен, үкіметтік емес ұйымдардың және бизнес өкілдерімен кездесу барысында талқыланды.

Урбанистика орталығының басшысы Асхат Садуовтың айтуынша, елорданы одан әрі дамыту жоспары стратегиялық және тактикалық мақсаттарды қамтиды. Қазіргі таңда елорда инфраструктурасына қарасақ, әр ауданның өз орталығы бар. Бұл дегеніміз қаламыздың көпорталықты болуы. Қызмет алу не бос уақытты өткізу үшін қаланың басқа шетіне барудың қажеті жоқ, тұрғындарға қажет барлық жерлер жақын жерде орналасады».

«Мәселен, орталықтар арасындағы басты кедергі — өзен үстінде көпірлердің болмауы. Орталықтарды байланыстырып тұратын көпірлер санын көбейтуді жоспарлап отырмыз. Көпірлер Тәуелсіздік даңғылы, Ұлы Дала, Қорғалжын тас жолы, Қабанбай батыр және Тұран даңғылында салынады. Мысалы, Бейбітшілік көшесіндегі жаяу жүргіншілер жолын кеңейтіп, абаттандырамыз. Сонымен қатар жайлы шағын кафелер ашылып, жасыл желектер егіледі. Евразия аумағы да бірінші кезеңде қамтылады. Осы қағидатқа сүйене отырып, басқа да көшелерді қайта жаңартып, арт-нысандарды орнатып жатырмыз», — деді Асхат Садуов.

Осылайша, қалада 54 қоғамдық кеңістік абаттандырылады. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында аудан тұрғындары «бюджетке қатысу» жобасының үлгісі бойынша өздері орталықта не ашу керектігін шешетін болады. Бұдан бұрын бағдарлама пилоттық режимде «Сарыарқа» ауданында іске қосылып, үлкен тиімділікті көрсетті, биыл жоба қаланың барлық аудандарында іске қосылады.

«Қоғамдық кеңістікті дамыту» бағдарламасы қала тұрғындарының өмірін одан әрі жақсарту үшін маңызды. Бұл бағдарлама жаяу жүргіншілердің жүріп-тұруына ыңғайлы жағдай жасауға, тұрғындардың бос уақытын денсаулық үшін пайдалы өткізуіне үлкен септігін тигізбекші. Мысалы, қолданыстағы ипподром базасында иппотерапиямен айналысу үшін жабық манеж ашамыз. Сол жерде ұлттық және классикалық спорт түрлерін дамытып қана қоймай, сонымен қатар ат серуендерін дамытамыз. Елорданың жасыл белдеуін бойлай қала тұрғындары жазда велосипедпен, қыста шаңғымен және т. б. сырғанау үшін веложолдар аумағын абаттандырамыз. Қоғамдық кеңістікті қала тұрғындарының пікірін ескере отырып дамытамыз, скверлер мен алаңдар тұрғындар қажет деп шешкен жерлерде орналастылады», — деп атап өтті қала әкімі Алтай Көлгінов.

Кездесу екі сағаттан астам уақытқа созылды, қаланың белсенді тұрғындары қаланы дамыту бойынша өз ой-пікірімен бөлісті. «Нұр-Сұлтан — тұрғындарға жайлы қала» атты елорданы одан әрі дамыту жоспарын талқылауға әр тұрғын қатыса алады.
Осындай кездесулер алдағы уақытта да өтеді.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?