Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Қаржы министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Қазақстан Республикасында инвестициялық саясатты іске асыру туралы пікірталас өтті.
Отырысқа Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің инвестициялық саясатты іске асыру жөніндегі жұмыс тобының және мемлекеттік органдардың: Бас прокуратура, Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті, Ұлттық экономика министрлігі, Әділет министрлігі және Жоғарғы Сот өкілдері қатысты.
Отырыстың қатысушылары салықтық құқық бұзушылықтарды қылмыссыздандыруға бағытталған шараларды талқылады.
«Бұл жұмыстың нәтижесі ретінде еліміздің инвестициялық ахуалы жақсартылып, сондай-ақ мемлекеттік органдардың бизнеске қысымы төмендетілуі керек», — деп атап өтті Әлихан Смайылов.
Шараға сонымен қатар жұмыс тобының шетелдік жақтан «EY», «Shell», «TOTAL» өкілдері қатысты.
ҚР Қаржы министрлігі

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?