Жыл санап ел ордасы Нұр-Сұлтанда үлескерлер проблемасы өз шешімін тауып келеді. Бүгінде қала әкімдігі күрделенген мәселенің шешімін тереңінен іздеп, үлескерлердің мазалаған сұрақтарына тікелей жауап беруде. Айтар болсақ, өткен жылдың аяғында бас қалада екі бірдей тұрғын үйдің үлескерлеріне өз баспаналарының кілті табыс етілді. Соның бірі – елордалық үлескер Мәншүк Жұмадиева қалай қол жеткізгені туралы айтып берді.

«Мен өзім Нұр-Сұлтан қаласындағы баспана мәселесімен талай жүгірген үлескердің бірімін. Осы тұрғын үйге қол жеткізу үшін біраз соттың алдына бардық. Оның ішінде қылмыстықпен қатар, азаматтық сот та бар. Тұрғын үй проблемасы бойынша жалпы саны 8 рет сотқа қатыстық. «Арыстан» тұрғын үй кешенінің үлескерлері бірігіп тұрғын үй-құрылыс кооперативін (ТҮҚК) құрдық. Онда 478 мүше бар. Өткен жылдың аяғында соның 140-ы өз баспанасының кілтіне ие болып, бүгінде үйлеріне жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр», — деді бұрынғы үлескер, қазіргі «Арыстан» тұрғын үй кешенінің тұрғыны Мәншүк Жұмадиева.

Оның айтуынша, аталған тұрғын үйдің құрылысы 2015 жылы басталып, аяқсыз қалғандықтан үлескерлер 2016 жылы сотқа жүгінген.

«Қаладағы проблемалы «Арыстан» тұрғын үй кешені «НМ Астана құрылыс» компаниясына тиісті болды. Соттың шешімімен өз жұмысына салғырт қараған аталған құрылыс компания өкілдері 2017 жылы қамалды. Мен тұрғын үй-құрылыс кооперативінің төрағасымен қатар, өзім де сол тұрғын үйдің тұрғынымын яғни бұрынғы үлескермін. Біздің тұрғын үй осы елордадағы 67 проблемалы тұрғын үйдің ішіндегі соңғы 5-еуінің қатарында болғанбыз. Қалалық әкімдік пен құзырлы органдардың қолдауының арқасында «Комфорт» тұрғын үй кешенінен кейін екінші болып өз баспанамызға қол жеткіздік», — дейді ол.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?