Елорда тұрғындары қалалық даму акселераторы арқылы «Нұр-Сұлтан – тұрғындарға жайлы қала» атты елорданы одан әрі дамыту жоспарын жасауға қатыса алады. Мысалы, әлеуметтік нысандардың құрылысы (мектептер, медорталықтар, балабақшалар және т. б.), веложолдарды ұлғайту, орталықты дамыту бойынша ұсыныстарды акселератордың ресми сайтына жіберуге болады www.nursultansmartaccelerator.com. Сондай-ақ елордалықтар қаланы одан әрі дамытуға бағытталған жиналыстар мен талқылауларға қатыса алады.

Қалалық дамуы акселераторы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, қаланы санитарлық тазалау (көгалдандыру) және қоғамдық көлік мәселелері бойынша белсенді жұмыс атқарып жатыр. Тұрғындардың идеялары мен ұсыныстарын жүзеге асырудың нәтижесінде қоғамдық көлікті күту уақыты мен жол жүру уақытын қысқарту, кейбір маршруттардағы шамадан тыс жүктемеден арылу мүмкін болып отыр. Мысалы, С. Сейфуллин мен Ш. Уәлиханов көшелеріндегі кептелістер 46% — ға төмендеді. Бұдан басқа, санитарлық тазалау бойынша бірыңғай нормаларды енгізу және тұрғын үй қатынастарының барлық қатысушыларын біріктіретін бірыңғай онлайн-алаң құру идеясы ұсынылды.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында қала тұрғындары «бюджетке қатысу» жобасы арқылы өздері тұрып жатқан аудандарда не ашу қажет екендігін айтып, ұсына алады. Қала көпорталықты болады. Яғни, қызмет алу не бос уақытты өткізу үшін қаланың басқа шетіне барудың қажеті жоқ, тұрғындарға қажет орталықтар жақын маңда орналасатын болады. Акселератор алаңы қала тұрғындарымен кері байланысты нығайтуда, олардың идеялары мен ұсыныстарын жүзеге асыруда көмектеседі. Қоғамдық кеңістікті дамыту бағдарламасы қала тұрғындарының бос уақытын денсаулық үшін пайдалы өткізуде, қала жаяу жүргіншілерге ыңғайлы болуы үшін маңызды. Ол үшін барлық қажетті жағдайды жасаймыз», — деді қала әкімі Алтай Көлгінов.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?