Тараз қалалық Полиция басқармасының 1-полиция бөліміне Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы ғимаратынан сейф ұрланғаны туралы арыз келіп түсті.
Аталған дерек бойынша полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде оқиғаның ізі суымай облыс орталығының 29 жастағы тұрғыны ұсталды. Тергеу барысында күдіктінің металл қоршауды және пластикалық терезені сындыру арқылы ғимараттың ішіне кіріп, сейфті алып шыққандығы анықталды.Ұрланған сейф Талас өзенінің маңынан табылды.
Күдікті өз кінәсін толық мойындап, Тараз қаласының уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды.
Қазіргі уақытта ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігімен (тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен жасалған ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Жамбыл облысы Полиция департаменті

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?