Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 2019 жылы Түркістан облысы Полиция департаментінің полиция қызметкерлері деструктивті діни ағымдарды ұстанушылардың қатысуымен 34 қылмысты ашты. Оның ішінде діни араздықты қоздыруға, жеке мүлікті ұрлауға, есірткі құралдарын өткізу мен сақтауға және басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар болған.

Сонымен қатар, діни тәжірибесін жасырып, заңсыз медициналық қызмет пен емшілік жасаған дерегі анықталды.

Аталған кезеңде тәртіп сақшыларымен деструктивті діни ағымдарды ұстаушы 567 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, олардың 16-ы діни сипатты бұзғаны үшін құрықталды. Тәртіп бұзушыларға қатысты 5 миллион теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды.

Сонымен қатар, өткен жылы Түркістан облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері дәстүрлі емес діни ағымдарды насихаттаумен айналысатын адамдарды ұстау бойынша бірқатар арнайы операциялар жүргізді. Тінту кезінде күдіктілерден ұялы телефондар, діни мазмұндағы баспа әдебиеті және компьютерлік техника тәркіленді.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеудің барлық материалдары айыптау актісімен сотқа жолданды .

Түркістан облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?